22
ақпан
2023
"Адам құқығы және балаларды зорлық-зомбылықтан және буллингтен қорғау" тақырыбында кездесу
2023 жылдың 22 ақпан күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Меркі ауданы полиция бөлімінің Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Байтемиров Бейбіт Рахымбердиевич және Мектеп инспекторы Тупеков Еркебұлан Аяпбергенович 8-11 сынып білім алушыларымен "Адам құқығы және балаларды зорлық-зомбылықтан және буллингтен қорғау" тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында білім алушыларға «буллинг», «кибербуллинг», «моббинг» терминдері туралы ақпараттар беріліп, жасөспірімдерге қатысты зорлық - зомбылық оқиғаларын болдырмау, құқықбұзушылық және жауапкершілігі туралы мәліметтер беріп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.