Материалы за Маусым 2025 года » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» Материалы за Маусым 2025 года
"Кітап оқи білесіңбе?" тақырыбында балалармен әңгімелесу
26
маусым
2025
"Кітап оқи білесіңбе?" тақырыбында балалармен әңгімелесу
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия жанындағы "Балдәурен" жазғы лагерінің жоспарына сәйкес  26 маусым күні  "Кітап оқи білесіңбе?" тақырыбында балалармен әңгімелесу, кітап оқу ұйымдастырылды. Мақсаты: 1. Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. – Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. – Кітапхана мүмкіндіктерімен таныстыру. 2. Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. – Кітапты дұрыс таңдау, пайдалану ережелерін үйрету. – Оқырман мен кітап арасындағы байланысты нығайту.
Қызықты ойындар күні
24
маусым
2025
Қызықты ойындар күні
Қызықты ойындар күні. Жазғы лагерьде балаларға арналған түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылды. Оқушылар шапшаңдықтарын, тапқырлықтарын көрсетіп, командалық ойындарға белсене қатысты. Күн көңілді әрі мазмұнды өтті.  
"Алтын белгі" төс белгі иегері Ибраим Нұрай Ерланқызы
19
маусым
2025
"Алтын белгі" төс белгі иегері Ибраим Нұрай Ерланқызы
2025 жылдың  19 маусым күні аудан әкімі Жиенқұлов Ербол Жұмабекұлы оқу үздіктеріне ерекше мән бере отырып,  жас түлектерімізге "Алтын белгі" төс белгісінің салтанатты түрде табыстады. Мектебіміздің мақтанышы "Алтын белгі" төс белгі иегері Ибраим Нұрай Ерланқызын шын жүректен құттықтаймыз.
"Балдәурен" жазғы лагерінің 2 - маусым   ашылуы
16
маусым
2025
"Балдәурен" жазғы лагерінің 2 - маусым ашылуы
16.06.2025ж.Мектеп жанындағы "Балдәурен" жазғы лагерінің 2 - маусым   ашылуы өтті. Балаларға арнап түрлі ойындар мен танысу тренигтері өткізілді.  
"Кітап рухани байлық" тақырыбында балалармен әңгімелесу
11
маусым
2025
---
"Кітап рухани байлық" тақырыбында балалармен әңгімелесу
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия жанындағы "Балдәурен" жазғы лагерінің жоспарына сәйкес  11 маусым күні  "Кітап рухани байлық" тақырыбында балалармен әңгімелесу, кітап оқу ұйымдастырылды. Мақсаты: Балаларға кітаптың рухани маңызын түсіндіру, оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Жауапты: мектеп кітапханашылары 
Жазғы лагерьдегі таным мен тартысқа толы күн
09
маусым
2025
Жазғы лагерьдегі таным мен тартысқа толы күн
9.06.25ж. Жазғы лагерьдегі таным мен тартысқа толы күн. Бүгінгі лагерь күнінде оқушылар арнайы кабинетте қызықты сұрақ-жауап ойындарын ойнап, өз білімдерін сынады. Ойын барысында балалар белсенділік танытып, тапқырлық пен жылдам ойлаудың үлгісін көрсетті. Күннің екінші жартысында ашық алаңда спорттық ойындар ұйымдастырылып, балалар футбол ойнау арқылы дене шынықтырумен айналысты. Осындай шаралар оқушылардың білім мен спортты қатар дамытуына ықпал етеді. Жауапты: Б.Несіпбай
"Кітаппен өткен жаз-бақытқа толы сәт!" тақырыбында балалармен мектеп кітапханасына саяхат
05
маусым
2025
"Кітаппен өткен жаз-бақытқа толы сәт!" тақырыбында балалармен мектеп
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия жанындағы "Балдәурен" жазғы лагерінің жоспарына сәйкес  5 маусым күні          "Кітаппен өткен жаз-бақытқа толы сәт!" тақырыбында балалармен мектеп кітапханасына саяхат ұйымдастырылды. Мақсаты: Балалардың  кітап оқуға қызығушылығын арттыру, жазғы демалысты мазмұнды әрі пайдалы өткізу. Жауапты: мектеп кітапханашылары
“Ел қорғаны-ер болам!”атты 10 сынып ер балаларымен 5 күндік оқу
02
маусым
2025
“Ел қорғаны-ер болам!”атты 10 сынып ер балаларымен 5 күндік оқу
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы “Ел қорғаны-ер болам!”атты 10 сынып ер балаларымен 5 күндік оқу далалық(лагерьлік) жиын ұйымдастырылды. Мақсаты: – Жасөспірімдердің бойында отансүйгіштік, тәртіп, жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру. – Алғашқы әскери дайындық негіздерімен таныстыру   – Командалық рух пен бірлікті дамыту мақсатында өткізілді. Жаттығу барысында: – Сапқа тұру, әскери бұйрықтарды орындау дағдыларын үйрету   – Алғашқы көмек көрсету, төтенше жағдайда дұрыс әрекет
«Aqaral media studio» жас тілшісі Әліғұл Айдана спорттық бағыттағы спортшылардан сұхбаттар алды.
01
маусым
2025
«Aqaral media studio» жас тілшісі Әліғұл Айдана спорттық бағыттағы
2025 жылдың 1 маусым күні Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара аясында «Aqaral media studio» жас тілшісі Әліғұл Айдана спорттық бағыттағы спортшылардан сұхбаттар алды. Айдана балалардың спортқа деген қызығушылығы, белсенді қатысуы, жарыстан алған әсерлері туралы сұрақтар қойып, спорттық тәрбие мен салауатты өмір салтының маңызын атап өтті.
«Aqaral media studio» жас тілшісі Нұрмаханбет Раяна Ержанқызы балаларды қорғау күніне арналған іс-шарада сқхбаттар жүргізді.
01
маусым
2025
«Aqaral media studio» жас тілшісі Нұрмаханбет Раяна Ержанқызы
Ауданық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты бала-бақытты ел» атты мерекелік іс-шара өткізілді. «Aqaral media studio» жас тілшісі Нұрмаханбет Раяна Ержанқызы балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада қатысушылармен сұхбаттар жүргізді. Сұхбат барысында балалардың мерекелік көңіл күйі, ата-аналардың тілектері тыңдалды.