04
қыркүйек
2025
"Өзіңді және өзгені жолда жарақат алудан сақта!"
04.09.2025 ж. күні "Назар аударыңыз-балалар" атты онкүндік аясында СӨСҚО дәрігері С. Райымкулова мен АББ әдіскері Д. Көшербаевтың қатысуымен №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында жасөспірімдер арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында "Өзіңді және өзгені жолда жарақат алудан сақта!" тақырыбында 4 сынып білім алушыларымен И.Насипбекова мен А.Суанкулова сынып сағатын өткізді. Іс-шара барысында білім алушыларға жол белгілері және жол өткелдерінен қауіпсіз өту ережелерімен таныстырып, мектепке жақын орналасқан аумақтар, сол маңдағы жаяу жүргінші өтпелерінен балалардың дұрыс жүріп-тұруы үшін қауіпсіз жағдайларды қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. СӨСҚО дәрігері С. Раимкулова білім алушыларға қауіпсіздік бойынша бірқатар ережелерді таныстырып өтті. Білім алушылар жол ережесіне байланысты сұрақтарын қойып, жауаптарын алып, өз ойларын білдірді.


