05
маусым
2024
«Жол ережесі мен қауіпсіздігі» тақырыбында қауіпсіздік сабақтары
05.06.2024 ж. күні мектеп жанындағы "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагерінде жасөспірімдер арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Айтбаев «Жол ережесі мен қауіпсіздігі» тақырыбында қауіпсіздік сабақтарын өткізді. Іс-шара барысында білім алушыларға жол белгілері және жол өткелдерінен қауіпсіз өту ережелерімен таныстырып, мектепке жақын орналасқан аумақтар, сол маңдағы жаяу жүргінші өтпелерінен балалардың дұрыс жүріп-тұруы үшін қауіпсіз жағдайларды қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Білім алушылар жол ережесін сақтауға байланысты сұрақтар қойып, жауаптарын алып, өз ойларын білдірді
