08
қыркүйек
2025
"Қыз тәрбиесі- ұлт болашағы" тақырыбында қыздар жиналысы
2025 жылдың 8 қыркүйегінде №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында "Қыз тәрбиесі- ұлт болашағы" тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Жиналысқа 7-11 сынып қыздары қатысты. Жиналысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Бекасилова ашып, қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызын, қыз баланың болашақ ана, ұлт тәрбиелеушісі ретіндегі рөлін ұғындырып, жасөспірімдік шақтағы мінез-құлық пен сырт келбет мәдениетіне мән беруді еске салды. Сонымен қатар, мектеп формасы мен мектіптің ішті тәртібімен таныстырды. Мектеп психологтары С.Сабыралиева мен М.Асхатова қыз балаларға өзін-өзі бағалау, өзін құрметтеу, ішкі сенімділік қалыптастыру, өтпелі кезеңдегі эмоционалдық тұрақтылықты түсіндіріп, ашық пікір алмасып, кеңестерімен бөлісті. Келесі кезекте мектеп медбикесі сөз алып, қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, жасөспірім шақтағы өзгерістер, жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиналыс соңында "Қыз жібек" қыздар клубының жаңа құрамын сайлады. Қыз балалар арасында жат қыдықтардың алдын-алу жұмыстарын күшейте отырып, қыз тәрбиесі -ұлт болашағы екендігін ұғындыру мақсатындандағы өткен жиналыста тиімді кері байланыс жүргізілді.