07
желтоқсан
2023
"Қыз инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді" атты қыздар жиналысы
Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс -тұрып дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани- адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту мақсатында #5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "Қыз инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді" атты қыздар жиналысы өткізілді. ДТЖО Л.Абишева жиналыс барысында мектептің ішкі тәртібі, мектеп формасы, инабаттылық, кішіпейілділік, тазалық, гигиена туралы тоқталып өтті. Мектеп психологтары Р.Молдобекова, Ж.Черембаева "Өрмекші торы", "Кедергілерді жеңу" тренингтерін өткізді.