18
қараша
2023
«Адам бойындағы асыл қасиеттер-кісілік құнары» тақырыбы
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 8–9 сынып білім алушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, имандылық, инабаттылық, адамгершілік, мейірбан, шыншыл, қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету мақсатында «Адам бойындағы асыл қасиеттер-кісілік құнары» тақырыбында іс – шара өткізілді.
Іс – шара барысында тақырыптқа сәйкес:
«Адам – қасиеттерінің құндылығы» тақырыбында көрініс
Абай Құнанбайұлының қара сөздері
Мақал – мәтелді жалғастыру
«Өмір бумеранг» тақырыбында бейнеролик
«Сіздің өміріңіздің тостағаны» тақырыбында тренинг жүргізілді
Жауапты: мектеп психологтары, «Өзін – өзі басқару» ұйымы