14
сәуір
2022
Нашақорлықтың, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында "Өз өмірің - өз қолыңда" тақырыбында акция
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Облыс әкімдігінің білім басқармасы N03 - 987 хаты және жылдық жоспарына сәйкес мектебімізде балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтің, нашақорлықтың, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында "Өз өмірің - өз қолыңда" тақырыбында акция ұйымдастырылып өткізілді. Акция мақсаты: өмір адам баласына бір ақ рет берілетін қымбат сый екеніне ықпал ету. Адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту . Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту. Балалардың ойын ашу , өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру. Бойларын зиянды әдеттерден аулақ ұстауға шақыру. Салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландару. Акция барысында білім алушыларға "Мен көңілді өмір сүремін" техникасы жүргізіліп, аффирмациялар айтылып, "Мен нашақорлыққа қарсымын" ұранымен флешмоб ұйымдастырылды.