08
қаңтар
2021
«Мен бақытты баламын» тақырыбында сурет салу, «Маған өмір қымбат!» тақырыбында эссе жазу
N5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп - гимназиясы Қысқы каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру сонымен қатар оқушылардың бойында жағымды өмірлік мақсаттарды қалыптастыру, адам өмірі өз қолында екендігін түсіндіріп, өмірді сүюге дағдыландыру. Адам бойында болатын асыл қасиеттерді адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту. Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту мақсатында 1 – 4 сынып оқушылары арасында «Мен бақытты баламын» тақырыбында сурет салу, 9 – 11 сынып оқушыларына «Маған өмір қымбат!» тақырыбында эссе жазу іс – шаралары мектеп психологы Р.Молдобекова және 1 — 4, 9 —11 сынып жетекшілерімен ұйымдастырылып өткізілді. Өткізілген мерзімі 5 - 8.01.2021ж