24
қаңтар
2023
"Өмір - баға жетпес сый" тақырыбында тренинг
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында мектеп психологтары Р. Молдобекова, Ж. Черембаева 9 сынып білім алушыларымен өмір адам баласына бір ақ рет берілетін қымбат сый екеніне ықпал ету; адам бойында болатын асыл қасиеттерді адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту. Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту; балалардың ойын ашу, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру мақсатында "Өмір - баға жетпес сый" тақырыбында тренинг жүргізілді. Тренинг барысында "Кедергілерден өту" жаттығулары сонымен қатар аңыз әңгімелер жүргізілді. Тренинг соңында білім алушылар өз ойларымен бөлісті.