25
желтоқсан
2021
8 "Б" сынып білім алушыларымен және ата- аналарымен "Ата - ананың алақаны - балаға саялық бақ" тақырыбында тренинг
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында 25.12.2021ж отбасы тәрбиесіндегі ата - ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым - қатынасты жақсарту мақсатында 8 "Б" сынып білім алушыларымен және ата- аналарымен "Ата - ананың алақаны - балаға саялық бақ" тақырыбында тренинг жүргізілді. Тренинг барысында "Киіз үй", "Қызықты сұрақтар", "Мен үшін қымбат... (әкенің, ананың), "Бала деген кім?" ой қозғау, "Махаббат хаты"( аналар балаларына, балалар аналарына хат жазу) жаттығулары жүргізілді. Тренинг соңында ата - аналар, білім алушылар өз ойларымен бөлісті. Жауапты: мектеп психологы Р.Молдобекова, сынып жетекші Н. Ермуханов