11
қазан
2021
Халықаралық қыздар күніне орай мектеп психологтары Р.Молдобекова, Ж.Черембаева қыз балалардың бойына қыз бейнесіне тән мінез – құлық сипатын қалыптастыру
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында 11.10.2021ж 11 қазан Халықаралық қыздар күніне орай мектеп психологтары Р.Молдобекова, Ж.Черембаева қыз балалардың бойына қыз бейнесіне тән мінез – құлық сипатын қалыптастыру. Оқушыларды бір – бірімен, айналадағы ортамен үйлесімді қарым – қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу біліктілігін дамытуға, өзара жағымды қарым – қатынасын арттыру, оларды адамгершілікке, шындыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында "Әдемі күл, сыпай жүр, сұлу ойлан" тақырыбында тренинг жүргізді. Қыз балаларға тренинг барысында жаттығулар жүргізіліп, кеңестер берілді.