16
қыркүйек
2024
«Ұл тәрбиесі-ұлт болашағы» тақырыбында 7-11 сыныптың ұл балаларымен жиналыс
16.09.2024ж №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гиназиясында «Ұл тәрбиесі-ұлт болашағы» тақырыбында 7-11 сыныптың ұл балаларымен жиналыс өткізілді. Жиналысты директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Айтбаев мектептің ішкі тәртібі, мектеп жарғысымен таныстырып, «Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың және бопсалау мен күш көрсету фактілерінің алдын алу»құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылық арттыру бойынша баяндама оқып, оқушылардың түнгі уақытта ата-анасынсыз жүрмеуі туралы қатаң ескертіліп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
АӘТД Е. Қазыбаев жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы, мектеп формасы, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау керектігі жайлы айтты.