№5 Ақарал жалпы білім беретін мектебінің жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » » №5 Ақарал жалпы білім беретін мектебінің жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы
25
қаңтар
2018

№5 Ақарал жалпы білім беретін мектебінің жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы

№5 Ақарал жалпы білім беретін мектебінің 

   жалпы  ата-аналар жиналысына 

 хаттама №3 

 

                                                                                                  10.01.2018ж. 

 

Қатысқаны: 107 ата-ана,  ақсақалдар кеңесінің  төраға орынбасары  С.Шолпанбаев,  қамқоршылық кеңесінің төраймы Г.Утепова,  мектеп әкімшілігі 

                                                                        

Күн тәртібінде: 

<!-- [if !supportLists] --> 1.      <!-- [endif] --> 2017-2018 оқу жылының І жартыжылдығында оқу-тәрбие үдерісінде атқарылған жұмыстар туралы мектеп директоры Н.Койшиманованың есебі 

 

                                               Тыңдалды: 

            Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры Н.Қойшиманова №5 Ақарал жалпы білім беретін мектебі «Функционалды сауатты тұлғаны қалыптастыруда сапалы тәрбие беру арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында барлығы 57 мұғалім инновациялық, әдістемелік және  тәжірибелерін зерттеу мен жалпылау бағыты бойынша  жұмыс атқарып келетінін айтты. 2017-2018 оқу жылының І жартыжылдығында 493 оқушы аяқтап, оның 95 оқу озаты, 179 оқу екпінділері болып, мектеп бойынша білім сапасы 63пайыз құрап, І тоқсанмен салыстырғанда +1пайыз көтеріліп, өзгеріс бар екенін тілге тиек етті. Мұғалімдердің оқыту мен оқу тәжірибелерін  жақсарту арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында мектепте 7 әдістемелік бірлестік жаңаша жұмыс: он-лайн конференциялар, вебинар, онкүндік, іс-тәжірибе алмасу семинарлары мен аукцион, тренингтер арқылы білімдерін жетілдіреді. Мұғалімдер сындарлыққа негізделген деңгейлі бағдарлама идеяларын сабақтарына енгізіп, білім алушыларды командадағы дағдыларды, салауатты көшбасшылық, қаржылық және азаматтық ІТ біліктілігін арттыру және өз білімдерін өмірде пайдалануға үйретіп бағыт беріп келеді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгінгі таңда мектепте 24 мұғалім жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктіктерін арттырып, оның ішінде информатика пәні мұғалімі А.Барменкулов, биология пәні мұғалімдері Ғ.Айтбаев пен А.Кикабаева «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 79 қадамына  сәйкес Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен «2015-2020 жылдарға арналған үш тілде білім беруді дамытудың Жол картасына» сай, білім алушылардың оқу пәндерінде үш тілде терминологиялық сөздік жұмыстарын атқарады. Ал ағылшын тілі пән мұғалімі А.Атамқұлова  сертификатталғаннан кейін оқушылармен қатар, педагогикалық ұжымға да тіл ұстарту жұмыстарын жүргізбек. 

       Мектепте салауатты өмір салтын ұстанатын, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, жоғары мәдениетті, бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, іскер, жасампаз, әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан, зияткер, ұлттың болашағын ойлайтын патриот тәрбиелеу мақсатында 8 бағыт бойынша тәрбиелік іс-шаралар жүргізілетінін айтты. Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту шеңберінде тәрбие үрдісі де шет қалған емес. Қазіргі таңда мектеп түлектеріне белгілі бір дағдылар қажет, оларға мәдени айырмашылықтарды түсінетін, сын тұрғысынан ойлайтын, топ жұмысын ұйымдастыра білетін және мәселені ой елегінен өткізіп, байыппен жұмыс істеуге үйрету қажеттілігі - бүгінгі әрбір ұстаздың міндеті екенін айқындап айтты. Себебі жұмыс берушілер өздерінің болашақ қызметкерлерінің бойынан дәл осы қасиеттерді көргісі келетінін түсіндірді. «Ұлт рухының қайнар көзі: мектептегі рухани-адамгершілік тәрбиесінің негізі» тақырыбында І жартыжылдықта  тәрбиелік бағыттар  бойынша 3 жанұялық сайыс, 4 дөңгелек үстел, 2 семинар, 1 форум, 5 жалпы ата-аналар жиналыстары мен салтанатты жиындар, 10 акция мен сурет, кітап көрмелері және 4 флешмоб, 2 спартакиада мен пікірталастар өткізілді. Әрбір тәрбиелік іс-шарадан: оның ішінде сазгер, мәдениет қайраткері Б.Бәбіжанмен «Туған жер-әнге азық, күйге тірек», мүсінші Т.Көлжігітпен «Өнер арқылы тіл қату... керемет...», кәсіпкерлер Ғ.Жұмағулов пен Р.Каримовпен «Аталар жолымен, ағалар ізімен орындалған игі іс» тақырыбындағы мектеп түлектерімен кездесуден кейін білім алушылардың  өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымында шынайы өмір сүруге дайындай отырып, өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға көмек беріп, бағыт-бағдар беретінін айтты. 

      Сондай-ақ, кәмелетке жасы толмаған балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыратын қызығушылығы бойынша жүргізілетін үйірмелер мен спорттық секцияларға жалпы оқушылардың 73 пайызы қамтылып, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары қалыпты деңгейде атқарылып жүргенін, биылғы жылдың басында аудандық ішкі істер бөлімінде есепке алынған 2 жаңадан келген білім алушылар мен олардың ата-аналарына құқықтық сауаттылық  бойынша түсіндіру, түзету жұмыстары жүргізілгендігі жайында тілге тиек етті. Сабақтан жиі себепсіз қалатын, мектеп ережесінің ішкі тәртібін өрескел бұзған оқушылар немесе мұғалімдер болмағаны туралы, күндізгі және түнгі мезгілде аймақтық рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, І жартыжылдықта ешқандай тәртіп бұзушылықтың тіркелмегенін айтты. 

   Қазіргі таңда тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау мақсатында мектепте психологиялық ағарту, кеңес беру, түзету жұмыстары жүргізіледі. Мектеп директоры Н.Койшиманова көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен, өгей әкесімен, өгей анасымен тұратын, жайсыз отбасынан шыққан оқушыларға  мемлекет тарапынан қазан айында екі отбасына 30000 (отыз мың) теңгеден бөлінгенін, меценаттар тарапынан 35 оқушыға 510000 (бес жүз он мың)  теңге көлемінде көмек көрсетілгені, жекелеген санаттағы 2-11 сыныптар аралығында (Г.Берікбаева, Ә.Бексырғаев, А.Маралова, А.Еренбай) білім алушылар тегін ыстық тамақпен  қамтылып, қалған оқушылар ата-ана есебінен тамақтануы қамтамасыз етілгенін айтты. Сондай-ақ, әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында үйде  оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балаларға туған күн, атаулы мерекелі даталарға қамқоршылық кеңес мүшелерінің бақылауымен ауыл азаматтары, демеушілер тарапынан тәтті сыйлық пен ойыншықтар берілгенін, жайсыз, көп балалы  отбасынан шыққан 1 оқушы (Ғ.Ислам) облыстық, ал 4 оқушы (Е.Абилмажин, М.Қойлибай, К.Жұман, Е.Ермекұлы) аудандық әкім шыршасына жіберілгені туралы баяндады.Нурила Сейсембайқызы мектептегі 9-11 сынып оқушыларының кәсіби бағдар беру жұмысы аясында аудандық «Болашақ маман иесімін» атты жобасында «Мал шаруашылығын дамыту» тақырыбында қорғаған жұмысы 9-шы сынып оқушысы С.Сайлау Бас жүлдеге ие болып, ата-аналарға қолдау көрсеткені үшін алғыс жариялап, осындай бірлескен жұмыстардың нәтижесінде білім алушылардың үлкен жетістіктерге қол жеткізетінін түсіндірді. 

         Күн тәртібінен түспейтін  11 сынып оқушыларының І жартыжылдықта мемлекеттік емтихан тапсыру мен Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындық жұмыстары жүйелі жүргізіліп, пән мұғалімдері, әкімшілік тарапынан қатаң бақылауға  алынғаны туралы айтты. Мектеп бітірушілер арасында оқу озаттары 4 (А.Білдебай, Б.Асқар, А.Жөкетаева, А.Ганиқызы) «Алтын белгі» үміткерлері  және 3 оқу екпіндісі (Н.Керімбай, А.Тұрғыналы, Д.Тұрлығұл) «Үздік аттестат» үміткерлері  ұсынылып  отырғанын ата-аналарға баяндады. Мектеп қабырғасында мектеп бітірушілер 5 пәннен ( Ана тілі және әдебиет- эссе, Қазақстан тарихы-ауызша, Алгебра және анализ  бастамалары-жазбаша, орыс тілі мен таңдау пәнінен-тестілеу)  өткізілетін қорытынды аттестаттау мен ҰБТ тапсыру кезінде ата-аналар тарапынан тыйым салынған заттар (ұялы телефон, пейджер, калькулятор т.б.) өзімен бірге алып келмеуін қадағалау жұмыстарын жүргізуге шақырды. 

     Мектеп директоры Н.Койшиманова мұғалім мәртебесін көтеру негізі-оқушы жетістігі екені айта отырып, қыркүйек-желтоқсан айларында 54 білім алушының аудандық, облыстық, республикалық жарыстар мен халықаралық қашықтықтан өткізілген олимпиада мен интеллектуалды ойындар жеңімпазы болғанын атап өтті. Сонымен қатар, мектеп ұстаздары мен психолог, әлеуметтік педагог және өзінің Алматы қаласында өткен  республикалық «Идеялар фестивалі» байқауының ІІ орын жүлдегері болғанын айтты. 

        Сөйледі: С.Шолпанбаев -мектеп директоры Н.Койшиманованың жалпы ата-аналар алдында берген мектептегі оқу-тәрбие үдерісіндегі І жартыжылдықта  атқарылған жұмыстары «қанағаттанарлық» деп есептеймін. Біздің мектебіміздің алар асуы әлі де биікте деп ойлаймын, алайда осы мектеп 1976 жылы қолданысқа берілген, мен  өзім де осы мектептің қабырғасында бір неше жыл қызмет жасадым, қазіргі кезде немерелерім білім алуда. Заман ағымына сай біздің балаларымыздың қауіпсіздігі мен болашағы үшін қазіргі мектепке қүрделі жөндеу қажет. 

       Сөйледі: Н.Доспанбетов –бүгінгі таңда  балалардың қызығушылығы жан-жақты және талғамдары жоғары, яғни оқушыларды білімге тарту үшін мұғалім өз  пәнін жетік меңгерген болу керек. Менің 4-ші сыныпта оқитын ұлым көркем еңбекпен айналысып, сурет салуды ұнатады, осыған орай мектептегі «Шебер қолдар» үйірмесіне қатыстыруды жөн көрдім. Ал 6-шы сыныптағы балам ІІ ауысымда оқитын болғандықтан, қыс мезгілінде ата-аналар тарапынан балалардың мектепке келуін, шығарып салуды қадағалалап, кезекші мұғалімдер  ішкі тәртіпті реттесе деген ұсынысым бар. 

     Сөйледі: Г. Утепова әрбір ата-ана өз баласынан үлкен үміт, жарқын болашақтың иесін көргісі келеді. Бүгін біз мектеп директорының ата-аналар алдында қыркүйек-желтоқсан  айларында атқарған жұмыстардың есебін тыңдап, мектептегі тыныс тіршілікпен таныс болдық.Алдағы уақытта жоспарлаған тапсырмаларды орындау мақсатында мұғалімдермен бірлесе отырып,  оқушылардың  табысты оқыту мен  ұлттық тәрбие беру бойынша  тиімді жұмыстарды жүргізе аламыз  деп ойлаймын. 

 

Шешімі: 

<!-- [if !supportLists] --> -         <!-- [endif] --> 2017-2018 оқу жылының І жартыжылдығында оқу-тәрбие үдерісінде атқарылған жұмыстар туралы мектеп директоры Н.Койшиманованың есебі  назарға  алынып, атқарылған жұмыстар жүйелі жолға қойылғаны аталып өтілсін. 

<!-- [if !supportLists] --> -         <!-- [endif] --> Мектеп әкімшілігі тарапынан, ата-аналармен бірлесе отырып, ІІ ауысымда оқитын 2-6 сынып оқушыларының ішкі тәртібі қатаң бақылауға алынсын.                                                        

 

Жиналыс төрағасы:             Ғ.Бөрібаев 

            Хатшы:                          А.Бралиева

 

 

 

 

 

 

 

 


 

    10 января  2018  года в общеобразовательной  школе №5 в  с. Акарал было проведено очередное общешкольное родительское  собрание.  Директор школы Н.Сейсембайкызы познакомила родителей  с итогами  І-полугодия, рассказала об успехах и проблемах в учебно-воспитательном процессе за истекший период. 

     Основной целью воспитательной работы школы на  2017 – 2018  учебный год  является - воспитание всесторонне и гармонично развитой личности на основе общечеловеческих и национальных ценностей. Огромный воспитательный потенциал несут школьные традиции, которые представляют собой исторически культурное наследие, развивающееся с учетом современных реалий жизни. Реализация поставленных задач осуществляется через планомерную работу методического объединения классных руководителей, систему дополнительного образования, органов детского самоуправления и социально – психологической службы школы.В І полугодии  по воспитательным направлениям было проведено 3 семейных  конкурса, круглый стол, 2 семинара, І форум, 5 общешкольных родительских  собраний, торжественных  встреч и мероприятий. 

    Также было сказано, что в школе  в этом году по интересам учащихся работают кружки  и спортивные секции, где задействованы 73 процента учащихся школы. На собрании также звучал вопрос об особенностях работы с несовершеннолетними  и была проведена беседа о профилактике детских правонарушений. Н.Сейсембайкызынапомнилародителям о том, что нужно организовывать детям досуг, а также о соблюдении законодательства в отношении несовершеннолетних. 

       В школе проводятся работы по профессиональной ориентации с учениками 9-11 классов.Ученик 9 класса Сайлау Сырым принял участие в проекте «Болашақ  маман иесімін» и занял первое место. Директор поблагодарила родителей за поддержку и активное участие в жизни школы. 

     Н.Сейсембайкызы отметила, что авторитет учителя – это прежде всего достижения и успехи учеников. Ключевой фигурой Новой школы является учитель. 54 учащихся школы заняли призовые места в областных, районных, республиканских, международных  олимпиадах и интелектуальных конкурсах. Также  учителя школы: психолог, социальный  педагог и  сама она, в том числе, заняла ІІ призовое место на  Республиканском  конкурсе «Фестиваль идей»  в Алматы.  


     Свой отчет директор закончила словами «Каждый успех несет в себе новые вопросы. Любое развитие обнаруживает более глубокие трудности. Учителя неустанно работают,совершенствуются, ведь чуткие, внимательные и восприимчивые к интересам школьников, открытые ко всему новому учителя – ключевая особенность современной школы

2018 жылдың 10 қаңтарында №5 жалпы білім беретін мектебінде жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста мектеп директоры Н.Сейсембайқызы 2017-2018 оқу жылының І жартыжылдығының оқу-тәрбие үдерісінде атқарылған жұмыстар туралы есебін ата-аналардың назарына ұсынды. 

        Мектепте салауатты өмір салтын ұстанатын, рухани адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, жоғары мәдениетті, бәсекеге қабілетті білімді меңгерген іскер, жасампаз,әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан, зияткер, ұлттың болашағын ойлайтын патриот тәрбиелеу мақсатында 8 бағыт бойынша тәрбиелік іс-шаралар жүргізілетінің айтты.Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту шеңберінде тәрбие үрдісі де шет қалған емес.Қазіргі таңда мектеп түлектеріне белгілі бір дағдылар қажет, оларға мәдени айырмашылықтарды түсінетін, сын тұрғысынан ойлайтын, топ жұмысын ұйымдастыра білетін және мәселені ой елегінен өткізіп, байыппен жұмыс істеуге үйрету қажеттілігі-бүгінгі әрбір ұстаздың міндеті екенін айқындап айтты. 

       І жартыжылдықта тәрбиелік бағыттар бойынша 3 жанұялық сайыс, 4 дөңгелек үстел, 2 семинар, 1 форум, 5 жалпы ата-аналар  жиналыстары мен салтанатты жиындар өткізілгені туралы айтып өтті.Сондай-ақ, кәмелетке жасы толмаған балалардың бос уақытын қызығушылығы бойынша жүргізілетін үйірмелермен спорттық секцияларға оқушылардың 73 пайызы қамтылып, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары қалыпты деңгейде атқарылып жүргені сөз етті. 

       Н.Сейсембайқызы мектептегі 9-11 сынып оқушыларының кәсіби бағдар  жұмысы аясында «Болашақ маман иесімін» атты жобасында  С. Сайлау бас жүлдеге ие болып, ата-аналарға қолдау көрсеткені үшін алғыс жариялап, осындай бірлескен жұмыстардың нәтижесінде  білім алушылардың  үлкен жетістіктерге  қол жеткізгенін түсіндірді. 

      Күн тәртібінен түспейтін 11 сынып оқушыларының І жартыжылдықта мемлекеттік емтихан тапсыру мен Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындық жұмыстары жүйелі жүргізіліп, пән мұғалімдері, әкімшілік тарапынан қатаң бақылауға алынғаны туралы айтты. Мектеп қабырғасында мектеп бітірушілер 5 пәннен (ана тілі және әдебиеті-эссе, Қазақстан тарихы-ауызша, Алгебра және анализ бастамалары-жазбаша, орыс тілі мен таңдау пәнінен –тестілеу) өткізілетін қорытынды аттестаттау мен ҰБТ тапсыру кезінде ата-аналар тарапынан тыйым салынған заттар (ұялы телефон, пейджер, калькулятор т.б) өзімен бірге алып келмеуін қадағалау жұмыстарын жүргізуге шақырды. 

       Мектеп директоры мұғалім мәртебесін көтеру негізі-оқушы жетістігі екенін айта отырып, 54 білім алушының аудандық, облыстық, республикалық  жарыстар мен халықаралық қашықтықтан өткізілген олимпиада мен интеллектуалды ойындар жеңімпазы  болғанын атап өтті. Сонымен қатар, мектеп ұстаздары мен психолог, әлеуметтік педагог және өзінің  Алматы қаласында өткен республикалық «Идеялар фестивалі» байқауының ІІ орын жүлдегері болғанын айтты. 

Мектебімізде ұстаздар қауымы тәрбие ісінің маңыздылығына, ертеңгі атқарылатын істің бағыт-бағдарына мән береді. Осындай ұжымның арқасында мектебіміздің  абыройы жыл өткен сайын асқақтап келеді,-деп мектеп директоры есебін қорытындылады. 

       С.Шолпанбаев-мектеп директоры Н.Қойшиманованың жалпы ата-аналар алдында берген мектептегі оқу үдеріс тәрбие үдерісінде І жартыжылдықта атқарылған жұмыстары «қанағаттанарлық» деп есептеймін. Біздің мектебіміздің алар асуы  әлі де биікте деп ойлаймын, алайда осы мектеп 1976 жылы қолданысқа берілген, мен өзім де осы мектептің қабырғасында бір неше жыл қызмет жасадым, қазіргі кезде немерелерім білім алуда. Заман ағымына сай біздің балаларымыздың қауіпсіздігі мен болашағы үшін қазіргі мектепке күрделі жөндеу қажет. 

      Н.Доспанбетов– бүгінгі таңда балалардың қызығушылығы жан-жақты және талғамдары жоғары, яғни оқушыларды білімге тарту үшін мұғалім өз пәнін жетік меңгерген болу керек. Менің 4-ші сыныпта оқитын ұлым көркем еңбекпен айналысып, сурет салуды ұнатады, осыған орай  мектептегі «Шебер қолдар»  үйірмесіне қатыстыруды жөн көрдім. Ал 6-шы сыныптағы балам 

ІІ ауысымда оқитын болғандықтан, қыс мезгілінде ата-аналар тарапынан балалардың мектепке келуін, шығарып салуды қадағалап, кезекші мұғалімдер ішкі тәртіпті реттесе деген ұсынысым бар. 

       Г.Үтепова әрбір ата-ана өз баласынан үлкен үміт, жарқын болашақтың иесін көргісі келеді. Бүгін біз мектеп директорының атаналар  алдында қыркүйек-желтоқсан айларында атқарған жұмыстардың  есебін тыңдап, мектептегі  тыныс тіршілікпен  таныс болдық.  Алдағы уақытта  жоспарланған тапсырмаларды, орындау мақсатында мұғалімдермен бірлесе отырып, оқушылардың табысты оқыту мен ұлттық тәрбие беру бойынша тиімді жұмыстарды жүргізе аламыз деп ойлаймын.Қызым осындай білім ордасында, білгірлі де, білікті ұстаздардан тәрбие мен өнеге алып жатқанына мен қуаныштымын. 


       Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты  тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген екен. Шынында да бар саналы   ғұмырын, жастық жолы мен күш қайратын, терең де телегей білімдерін шәкірттеріне арнаған ұстаздар қауымына берілген бұдан артық баға болмас. Осы орайда  мектеп ұжымындағы өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін барша  ұстаздар қауымына шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тілемекпін. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив