Материалы за 20.01.2023 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» Материалы за 20.01.2023
"Оқыту тәжірибесін жетілдірудегі мектеп педагогтерінің аналитикалық құзыреттілігі" тақырыбында курс
20
қаңтар
2023
"Оқыту тәжірибесін жетілдірудегі мектеп педагогтерінің аналитикалық
№5 ЖОББМГ 2023 жылдың 16-20 қаңтар аралығында  "Оқыту тәжірибесін жетілдірудегі мектеп педагогтерінің аналитикалық құзыреттілігі" тақырыбында курс ұйымдастырылды. Курсқа 20 педагог қатысып, білімдерін арттырды. Курс барысында ұстаздар аналитикалық құзыреттілігі, білім берудегі аналитика түрлері, аналитика құралдары туралы  білім жинақтап,  MS Excel  ақпараттық құралдарын пайдалана отырып, оқу жетістіктеріне сипаттамалық, сапалық, динамикалық талдау жасауды үйренді. Аналитикалық құзыреттілік
"Мұрат Әуезов - ұлы тұлға" тақырыбында  көрмесі
20
қаңтар
2023
"Мұрат Әуезов - ұлы тұлға" тақырыбында көрмесі
20.01. 2023 жыл №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназия кітапханасында 5 - 11 сынып білім алушылары арасында, Мәдениет танушы - ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезовке 80 жасқа толуына орай "Мұрат Әуезов - ұлы тұлға" тақырыбында  көрме ұйымдастырылды. Көрме барысында қайраткердің Меркі өңірінің тумасы екендігін, сонымен қатар ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің ізбасары екендігі туралы білім алушыларға айтылып, көптеген мағлұматтар берілді. Жауапты: мектеп
"Оқуға құштар мектеп" жобасын жүзеге асыру аясында 20 минуттық кітап оқу
20
қаңтар
2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасын жүзеге асыру аясында 20 минуттық кітап
20.01.2023 жыл №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "Оқуға құштар мектеп" жобасын жүзеге асыру аясында 20 минуттық кітап оқу өз жалғасын табуда. Жауапты: мектеп кітапханашылары
"Жамбыл облысының ең үздік пікірсайысшысы" атты Республикалық Ұлттық Пікірсайыс Федерациясының Президенті дипломы
20
қаңтар
2023
"Жамбыл облысының ең үздік пікірсайысшысы" атты Республикалық Ұлттық
Жамбыл облысының пікірсайыс қозғалысына қосқан үлесі үшін, Ұлттық Пікірсайыс Федерациясының шешімі бойынша "Жамбыл облысының ең үздік пікірсайысшысы" атты Республикалық Ұлттық Пікірсайыс Федерациясының Президенті дипломымен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі  Сауранбаев Бектас  марапатталды. 
жаратылыстану пәнінен А.Садыққызы "Тірі табиғаттағы үдерістер" тақырыбында соңғы айналым зерттеу сабағы
20
қаңтар
2023
жаратылыстану пәнінен А.Садыққызы "Тірі табиғаттағы үдерістер"
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 6"ә" сыныбында “Деңгейлік тапсырмалар арқылы  білім алушылардың білім сапасын қаншалықты арттыруға болады?" зерттеу сұрағы аясында жаратылыстану пәнінен А.Садыққызы "Тірі табиғаттағы үдерістер" тақырыбында соңғы айналым зерттеу сабағын өтті. Сабақта "Миға шабуыл", "Деңгейлік тапсырмалар", "6 Неліктен?" әдістерін қолданды. Жұптық, топтық жұмысқа қарағанда жеке жұмыс, яғни  деңгейлік тапсырмаларды орындағанда білім алушылардың белсенділігі
1"А" сыныбында "Дұрыс тамақтану - өмірді ұзартады" тақырыбында тәрбие сағаты
20
қаңтар
2023
1"А" сыныбында "Дұрыс тамақтану - өмірді ұзартады" тақырыбында тәрбие
N5 Ақарал ЖОББМГ 1"А" сыныбында "Дұрыс тамақтану - өмірді ұзартады" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізетінін ұғындыру. Сабақ барысында дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары мен ережелерімен таныстырылды. Сабақ соңында окушылар салған суреттеріне түсініктеме берді. Жауапты: А. Суанкулова