20
қаңтар
2023
жаратылыстану пәнінен А.Садыққызы "Тірі табиғаттағы үдерістер" тақырыбында соңғы айналым зерттеу сабағы
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 6"ә" сыныбында “Деңгейлік тапсырмалар арқылы білім алушылардың білім сапасын қаншалықты арттыруға болады?" зерттеу сұрағы аясында жаратылыстану пәнінен А.Садыққызы "Тірі табиғаттағы үдерістер" тақырыбында соңғы айналым зерттеу сабағын өтті. Сабақта "Миға шабуыл", "Деңгейлік тапсырмалар", "6 Неліктен?" әдістерін қолданды. Жұптық, топтық жұмысқа қарағанда жеке жұмыс, яғни деңгейлік тапсырмаларды орындағанда білім алушылардың белсенділігі артты. Сабақ соңында білім алушылардан “Оқушы үні” тыңдалып, қорытынды жасалды. Топ модераторы: А. Атамкулова