18
қазан
2022
"Деңгейлік тапсырмалар арқылы білім алушылардың білім сапасын қаншалықты арттыруға болады?" зерттеу сұрағы аясында тарих пәнінен "Түріктер туралы тарихи деректер " тақырыбында екінші зерттеу сабағы
18.10.2022ж #5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясының 6"ә" сыныбында "Деңгейлік тапсырмалар арқылы білім алушылардың білім сапасын қаншалықты арттыруға болады?" зерттеу сұрағы аясында тарих пәнінен "Түріктер туралы тарихи деректер " тақырыбында екінші зерттеу сабағы жүргізілді. Ерікті топ мүшелері бақылауға алынған білім алушылардың сабақтары ілгерілегенін байқады . Сабақ барысында жас ерекшеліктеріне сай таңдалған "Миға шабуыл", "Деңгейлік тапсырмалар", " Double Jeopardy ойыны" әдістері білім алушылардың сыни ойлауына ықпал етті және сабаққа деген белсенділіктерін арттырды . "Оқушы үні" арқылы алынған кері байланыста жеке, топтық жұмысының тиімділігі анықталды. Зерттеу тобының модераторы Асия Атамкулова.