08
желтоқсан
2022
"Эвфимизм, дисфимизм" тақырыбында екінші айналымының бірінші зерттеу сабағы
08.12.2022 ж №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында 6"ә" сыныбында" Деңгейлік тапсырмалар арқылы білім алушылардың білім сапасын қаншалықты арттыруға болады?" зерттеу сұрағы аясында қазақ тілі пәнінен "Эвфимизм, дисфимизм" тақырыбында екінші айналымының бірінші зерттеу сабағы өтілді. Сабақта зерттеу мақсатына сай жоспарланған әдістерді қолданды. Жұптық жұмыста "6 неліктен?" әдісі, өздік жұмыста деңгейлік тапсырмалар білім алушылардың белсенділігін арттырды. Сабақ соңында ерікті топ мүшелері бақылауға алынған білім алушылардан оқушы үнін тыңдап, жұптық жұмыстағы "6 неліктен?" әдісінің тиімділігі анықталды. Зерттеу тобының модераторы Атамкулова Асия