"Буллингке жол жоқ!" тақырыбында жиналыс
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2023 жылдың 13 қыркүйегінде білім алушылармен кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтың, баланы жәбірлеу(буллинг), баланы қорқыту, кемсіту, келемеждеу, қорлау сияқты заңға қайшы әрекеттердің алдын-алу мақсатында: "Буллингке жол жоқ!" тақырыбында жиналыс өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.