14
қараша
2024
1-11 сынып ата-аналарымен "Кел, дос болайық!" акциясы аясында "Бала қауіпсіздігі-басты назарда!" тақырыбында форум
Ағымдағы 2024 жылдың 14 қараша күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1-11 сынып ата-аналарымен "Кел, дос болайық!" акциясы аясында "Бала қауіпсіздігі-басты назарда!" тақырыбында форум өтті. Форумға 92 ата-ана қатысты.
Форумның мақсаты:Өскелең жас ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісінде мектеп пен отбасының өзара тығыз қарым – қатынасын жоғарылату, ата –аналар мен ұстаздардың үнемі байланыста болуы, бала қауіпсіздігі мен тәрбиесі ерекше маңызды екендігін түсіндіру.
Форум қонақтары:қамқоршылық кеңесінің төрайымы Зулпыкарова Нурсулу, Ақарал ауылдық округінің бас маманы Шаихов Марат Сарсенбекович
Күн тәртібінде:
1.Тренинг “Түсіністікке үйренеміз,мен сені түсінуге тырысамын” мектеп психологы: С.Сабыралиева
2. “Бала қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті!” ДҚТЖО Ғ. Айтбаев
3. "Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің негізі" ДТЖО Л. Абишева
4. Қорытынды. Мектеп директоры: Н. Конкабаев