29
қазан
2024
Бала тәрбиелеуде ата-ана рөлі қандай?" тақырыбында бастауыш сыныптың ата-аналарымен коучинг
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясыда "Бала тәрбиелеуде ата-ана рөлі қандай?" тақырыбында бастауыш сыныптың ата-аналарымен коучинг өткізілді!
Мақсаты: Бала дамуына ,жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс- тәсілдерін жетілдіре отырып қарым-қатынас орнату.
Міндеттері: Ата- аналардың мектеппен, тығыз байланысын арттыру, балаларын, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.
Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылады. Сондықтан да кешеден бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатқан ұрпақ тәрбиесі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы бала тәрбиесi - берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Ата-ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық ұстаз жоқ. Тренинг барысында бала тәрбиесі ата-ана үшін маңызды екені айтылды!
Мектеп психологы: С.Сабыралиева