17
қаңтар
2024
"Ата-ана мен бала арасындағы ықпалдастық" тақырыбында 6-8 сынып ата-аналары арасында тренинг
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2024 жылдың 17 қаңтарында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында "Ата-ана мен бала арасындағы ықпалдастық" тақырыбында 6-8 сынып ата-аналары арасында тренинг өткізілді.
Тренингтің мақсаты: ата-ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты үйлесімді ету, жақсарту. Ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікті сезіндіру.
Тренинг барысында:
- "Балама қандай жылулық беремін?" жаттығуы
- "Қызықты сұрақтар" ойыны
- "Тілек шамы" жаттығулары жүргізілді.
Тренинг соңында ата-аналар өз ойларымен бөлісті.
Жауапты: әлеуметтік педагог Ж.Нұрмәділ