31
наурыз
2023
«Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы – бала болашағының кепілі» тақырыбында аудандық директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар
2023 жылдың 31 наурыз күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынасты нығайту жолдарын көрсету мақсатында «Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы – бала болашағының кепілі» тақырыбында аудандық директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар ұйымдастырылды.
Теория бөлімінде:
-Мектеп директоры Нурила Сейсембайқызы және Меркі аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Бану Жеңісқызы, Ардақ Бақытбекқызы семинарды ашып, бағдарламамен таныстырды.
-Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Абишева «Отбасы - мектеп» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы TEDx форматында баяндама оқып, мектептің белсенді ата-анасы, Ақжол отбасы «Бақыты жанұя» әнін айтты.
Best practice бөлімінде:
-«Отбасы тәрбиесінің бала өміріне әсері» тақырыбында мектеп психологтары Р.Молдобекова, Ж.Черембаева ата-аналармен тренинг өтті.
-«Сынып жетекші мен ата-ананың байланысы – бала тәрбиесінің басты тетігі» тақырыбында «Жігер» шаңырағының жетекшісі М.Бекасилова сынып жетекшілермен коучинг өтті.
-Мектеп директоры Н.Койшиманова 10 сынып білім алушыларымен «Отбасым – бақыт мекенім» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
-Белсенді әрекет алаңында мектеп ата-аналарының білім алушыларға арналған «Ата-аналар» сағаты ұйымдастырылды. Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар қоржындарын толтырып қайтты.
https://www.facebook.com/100034067418941/videos/604879947894031/