15
наурыз
2023
"Өнегелі әке-тәрбиелі ұрпақ кепілі" тақырыбында әкелерге арналған кеш
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында наурыз айының 15 - күні отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін айқындау мақсатында "Өнегелі әке-тәрбиелі ұрпақ кепілі" тақырыбында әкелерге арналған кеш өткізілді. Кешті мектеп директоры Койшиманова Нурила Сейсембаевна ашып, өз сөзінде отбасындағы әкенің рөлі және баланың өсіп - жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, әкенің қоғамдағы атқарар еңбегі ерекше екенін атап өтті. Келесі кезекте директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Айтбаев және мектеп психологтары Р. Молдобекова, Ж. Черембаева "Бала тәрбиелеу ерекшелігі" тақырыбында тренингін өткізді. Тренинг барысында баланың ішкі дүниесіне қоғамның негативті фактор әсерлерін және оның алдын алу жолдарын тәжірибе түрінде көрсетті. Кеш одан әрі әсем әнге ұласып, білім алушылар әке туралы әндер айтып, жырларын арнады. Кеш соңында әкелер мектепке және мұражайға экскурсия жасап, бастауыш сынып білім алушылары дайындаған "Әкеге алғыс" әнімен және "Әкешім сізге рахмет!" сөздерімен жылы ілтипаттарына бөленді.