11
қараша
2022
"Құқық бұзушылық және бала қауіпсіздігі қағидаттары" тақырыбында ата-аналар жиналысы
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 11.11.2022ж күні баланы қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тәрбиесіне жетік мән беру арқылы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында, зум платформасы арқылы "Құқық бұзушылық және бала қауіпсіздігі қағидаттары" тақырыбында директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары Ғ. Айтбаев ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыста қауіпсіздік ережелері, баланы түнгі мезгілде қараусыз-қадағалаусыз жібермеуі, әлеуметтік желі қауіптілігі мен сақтану ережелері,сонымен қатар балалар телефонына «Ата-аналық бақылау» бағдарламасын орнату керектігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.