07
қараша
2024
«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, теріс діни ағымдардан сақтану мен және жол қауіпсіздік ережесі профилактикасы» тақырыбында кездесу
2024 жылы 7 қараша күні балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасөспірімдер арасында қауіпті діни ағымдардан сақтану, әлімжеттіктің, буллингтің алдын алу мақсатында 8-11 сыныптар арасында Меркі АПБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы полиция майоры Тупеков Еркебулан Аяпбергенович және Меркі аудандық полиция бөлімінің инспекторы, полиция майоры Байтемиров Бейбіт «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, теріс діни ағымдардан сақтану мен және жол қауіпсіздік ережесі профилактикасы» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелестің алдын алу және балалардың жол-көлік оқиғасынан жарақаттанудың алдын алу, экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырды. Сонымен қатар мешіттегі жұма намазына заңды өкілдерінсіз оқушылардың бармауын және мектеп қабырғасында рұқсат етілмейтін әртүрлі үлгідегі діни атрибутикалық киімдерді кимеу керектігі айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.