Мектептегі көшбасшылық және басқару үлгісі
Еліміз қарыштап дамыған сайын білім беру жүйесі де жаңғырып келеді.
Сонымен қатар, мектеп басшыларының өзгеріс талаптарына тез бейімделгіш және өз ұжымдастары мен жалпы қоғамды оң өзгерістерге сендіре алатындай көшбасшы болуы заман талабына айналып отыр. Осы орайда 2017 жылдың 12 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің «Білім сапасын басқару және менеджмент»бөлімінің ұйымдастыруымен мектепті басқарудың тиімді әдістерін қолдану арқылы білім беру ұйымындағы көшбасшылық және басқару жүйесіндегі тәжірибелік жұмыстардың нәтижесін арттыру мақсатында оқу-әдістемелік кабинетінің базасында «Мектептегі көшбасшылық және басқару үлгісі»тақырыбында облыстық коучинг-сессия өткізілді.
Семинарға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепдиректорлары мен директордың орынбасарлары қатысты.
Бұл семинарға Меркі ауданынан № 5 Ақарал орта мектебі қатысып, мектептегі көшбасшылық пен басқару жүйесі бойынша өз іс-тәжірибелерімен таныстырды.
«Барлық істің басшысы – білім мен ұғым» деп Жүсіп Баласағұн айтып өткендей өзінің басқару ісімен,білімділігімен бүгінде мектебін алдыңғы саптан көрсетіп келе жатқан №5 Ақарал орта мектебінің директоры Койшиманова Нурила Сейсембайқызы «Басқару жүйесінің тиімді әдістері» тәжірибелік таныстырылымында үш тілділік туралы мағлұмат бере отырып, басқару және басқару жүйесінің жалпы заңдылықтарына,функционалды сауатты қалыптастыру және мектепті басқару теориясына тоқталып, басқару қызметі жүйесінің циклограммасы ,мектеп басқару әдістері, мектепті басқару құрылымы, мектептің қоғамдық бірлестіктерімен, басқа ұйымдармен, ата-аналармен байланысы, мектептің өзін-өзі басқаруы, мұғалім жұмысын тиімділігін бақылау моделінің мектепішілік бақылау мен басқару және мектептің даму жоспарымен байланысы, модельді тиімді енгізуде мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығының қызметі туралы айтып, «Нұршуақ» оқушылар арасындағы тәлімгерлік үдеріс, мектеп жетістіктері мен нәтижелері, оқушылар жетістігінің көрсеткіштері жайында баяндап, қатысушыларға мол мәліметтер берді.
Мектепті басқару жүйесіндегі білім сапасын арттырудың тиімді жолдары туралы мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Кикабаева «Басқару жүйесіндегі білім сапасын арттыру ерекшеліктері»тақырыбындағы таныстырылымын ұсына отырып,мектепте білім алушыларды қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға сапалы дайындығын қамтамасыз ететін жүйе, мектеп бітірушілерді мемлекеттік қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындау алгоритмі, мектепте мектеп бітірушілерді ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын жүргізуде SWOT талдауының нәтижесі, қорытынды аттестаттау және ҰБТ – жұмыс жоспарлау кезінде жүргізілетін жұмыс бағыттары, оны шығармашылықпен пайдалану түрлерін атап өтті.
«Ғаламның шырағы - күн,адамның шырағы - білім» демекші ,бүгінде білім алушыларға білімнің шырағын жағып жүрген Ғ.Қасымов «Қазақ жерлерін біріктіру мақсатындағы Абылай хан саясаты»тақырыбында 10-сынып оқушыларымен шеберлік сабағын көрсете отырып, критериалды бағалау үлгісімен де таныстырып өтті.
Әрбір мұғалімнің жасаған жұмыстарына тиянақты баға ,тиімді ұсыныстарымен пікір қосып, жұмысының нәтижелі болуы үшін бағыт бағдар мен әдістемелік көмек беріп отырған директордың оқу – әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Алтынбаева «Үздік педагогикалық кеңес әдістерінің аукционы» атты тренинг өтті.Тренингте педагогикалық кеңес отырысының мәселелерін шешу кезінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білу және сол әдістер мәселелер мазмұнымен емес, осы мәселені талқылау барысында шешілетін басқару міндеттеріне сай айқындалатынын көрсете білді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»-дегенін барлығымыз білеміз. Ал сол білім мен тәлім-тәрбие беретін ұстаздарымыздың еңбегінің жемісті болуы үшін ең қажетті мәселе мектеп басшыларының мұғалімдерімен әдістемелік жұмыстарды жүйелі ұйымдастыруында. Оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды талдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын басшы ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың,ұжымының үдесінен шыға алады. Міне,осы орайда мектеп директоры Н.С.Койшиманованың «Жалпы білім беру ұйымдарын басқару және көшбасшылық»тақырыбында жүргізген коучинг жұмысы мектеп басшыларына басқарып отырған мектептерінде көшбасшы ретінде жаңаша бағытқа бет бұрып, нәтижелі өзгеріс енгізулері қажеттігі жайлы тың ойлар салды.
Коучинг-сессия жұмысының қорытынды бөлімінде осындай басқару жүйесінің сапалы ұйымдастырылуы бойынша тәжірибе алмасу шаралары облыс көлеміндегі жалпы орта білім беретін мектептерге таратылды.
Болашақ ұрпақты тәрбиелеу – ұстаз алдында тұрған үлкен міндет болса, жеңіс атаулының бәрі өзіңді жеңуден басталады, кездескен қиындықтықтарды жеңіп,кәсіби деңгейімізді дамытып, Елбасы Н.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз – бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу» деген пікіріне қосыла отырып, саналы, білімді ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздық рух, дана да, батыр да бас иетін ұлылық иесі болайық.
Достижение нового
победа каждого человека.
Л.Пастер
С изменениями в обществе происходят изменения и в образовании. В настояшее время перед начальством школ стоит задача лидерства и убеждения к изменению коллектива и общества в соответствии с требованиями времени. В связи с этим 12 апреля 2017 года на базе учебно-методического кабинета управления образования Жамбылской области отделом «Управление качеством знания и менеджмент» с целью совершенствования практических работ в системе оброзования используя эффективные методы и лидерства в школе был проведен областная коучинг-сессия. На семинаре приняли участие методисты районных и городских отделов образования, директора школ. На этом семинаре коллектив средней школы №5 «Акарал» из Меркенского района поделилась опытом по введению в школе лидерства и системой управления в школе.
Директор средней школы №5 «Ақарал» Койшиманова Нурила Сейсембайқызы, цитируя фразы Жусипа Баласагун «Знания и понятия - всему начало», в своей презентации «Эффективные методы управления» коснулась трехъязычия, формирования функциональной грамотности, циклограммы системы правления, ознакомила с новыми формами самоуправлением в школе, взаимосвязь плана развития школы и внутришкольной модели, результатами и достижениями школы.
Заместитель директора по учебной участи А.Кикабаева в своем вступлении на тему: «Эффективные методы для повышения качества знания» отметила о нововведении в итоговой аттестации, ознакомила с алгоритмом работы по подготовке к ЕНТ .
Учитель истории средней школы №5 «Акарал» Г.Касымов представил показательный урок в 10 классе на тему «Политика Абылайхана в объединении казахских земель» и показал образцы критериального оценивания.
Заместитель директора по научной работе А.Алтынбаева провела тренинг «Аукцион передовых идей». На тренинге она разьяснила участникам применение различных методов и пути их решения в системе образования.
Всем нам известны слова Президента: «Будущее страны в руках молодого поколения, в руках педагогов».Плодотворный труд учителя зависит от правильно организованной роботы руководителей школы. Духовное развитие школьников, создание для них благоприятной среды – все это возлагает большую ответственность на руководителя школы. В связи с этим директор школы Н.Койшиманова провела коучинг «Лидерство и пути управления в школе». В ходе проведения коучинга дала рекомендации о системе управления в новом направлении, о внедрении результативных изменений в школе.
В итоговой части коучинга обменялись опытами, поделились мнениями об организации системы упраления.
Перед учителем стоит главная и ответственная задача-воспитание подрастающего поколения. Все победы начинаются с победы над самим профессиональным уровнем. Подводя итоги семинара, участники поблагодарили словами нашего Президента : «Наша задача –воспитание конкурентноспособной молодежи». «Профессия учителя была и остается самой благородной ».