Мектепте тамақтандырудың сапасын мерзімдік бағалау үшін бракераж комиссиясының рейдтік іс-шарасынан анықтама » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » » Мектепте тамақтандырудың сапасын мерзімдік бағалау үшін бракераж комиссиясының рейдтік іс-шарасынан анықтама
19
сәуір
2021

Мектепте тамақтандырудың сапасын мерзімдік бағалау үшін бракераж комиссиясының рейдтік іс-шарасынан анықтама

         Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптарды орындауда «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 46-қосымшасын қатаң басшылыққа ала отырып, асхана жұмысы дұрыс ұйымдастырылған.

           Мектептегі медициналық қызметкер Ж.Тоқтағул жүргізетін журналдары мен «С» витаминдеу, асхана қызметкерлерін қадағалау журналын уақтылы толтырған. Бракераждық комиссия мүшелері тарапынан  тексеру барысында асхана қызметкері Г.Барменкулованың арнайы киімі қолдануға дайын, жұмыс істеу кезінде пайдалану үшін бір рет қолданылатын медициналық маскалармен (жұмыс ауысымының және маскаларды ауыстырудың ұзақтығына қарай 2 сағатта кемінде 1 рет),  сондай-ақ қолды өңдеу үшін дезинфекциялау сулықтарымен, тері антисептиктерімен, қолғаптармен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етілгені, алғашқы көмек көрсетуге арналған  шағын дәріхана (аптечка) құрамы тексеріліп,  бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануға, сондай-ақ ылғалданған маскаларды пайдалануға жол берілмейтіні туралы білетіні  анықталды.  

        Асхана қызметкерлері жұмыс орындары арасында қашықтықты (1,5 метрден кем емес) сақтаған, олардың асхананың қызметтік өндірістік үй-жайларында қалыпты жұмыс істеуі үшін қажеттілктері қарастырылған. 

    Өндірістік процестермен (технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету, шикізат пен өнімді жеткізу) байланысты жұмыстарды орындайтын адамдарды қоспағанда, асхана қызметіне байланысты емес адамдардың кіруіне  шектеу бар екенін біледі. Жіті респираторлық инфекциялар (температура 37ºС жоғары, жөтел, мұрынның бітелуі) және басқа да инфекциялық аурулар белгілері бар асхана қызметкерлері  жұмысқа кіріспеген, оны медқызметкер Ж.Тоқтағул қатаң бақылауға алған. 

       Тексеру барысында асхана іші жарық, санитариялық жағдайы ұйымдастырылған және тазалық сақталған. Асханаға кіре берісте және тамақтану залында қол жууға арналған жағдайлар, келушілердің қолын өңдеуге арналған тері антисептиктері көзделген, олар көрінетін және қолжетімді жерлерде орнатылаған. Үстелдерді, орындықтарды және өзге де мүкәммалды орналастыруды үстелдер арасындағы және келушілер арасындағы кемінде 2 метр қашықтықты қамтамасыз етуді ескере отырып жүргізілген. Асханада білім алушылар арасында кемінде 1,5-2 метр  қашықтық сақтала отырып, 5 адамнан артық кезек құрылмайтыны анықталды. Асхананың жұмыс режимі мектеп әкімшілігімен келісім бойынша тамақтану аяқталғаннан кейін (ағындар арасында) тамақтану залын жинау және дезинфекциялау үшін кемінде 40 минут үзіліспен белгіленген. 




        Мектеп асханасына қазіргі заманғы дизайнмен көркемделген «Дұрыс тамақтану» бұрышы  жасақталған.Тексеру барысында   ұн, жарма өнімдері бөлек шкафта, ал картоп, сәбіз, пияз - орналасу тәртібі дұрыс жолға қойылып, арнайы жәшікке салынған.Технологиялық  құралдары түгел: электроқуатты пеш, жұмыс үстелі жеткілікті. Асханада пышақтар, тақтайшалар толық таңбаланылған; шикі және даяр азық-түліктерге, нан өнімдері мен көкөністерге арналған орындар 1 пайыз уксус ерітіндісімен өңделеді. 

         Асханада күнделікті тамақтың  тәуліктік сынамасы мектеп медициналық қызметкер Ж.Тоқтағулмен алынып тұрады.

Шеті сынық ыдыстарды аспазшылар қолданып жүрген жоқ. Бірақ кейбір ыдыстарға арнайы таңба қойылмаған. Ыдыс жуу тәртібі орындалып, ережесі сақталған. Мектептің бекітілген бракераждық комиссия мүшелері, медициналық қызметкер, ДТЖО Р.Бабижанова, әлеуметтік педагог Б.Смайыл ыстық тамақтандыруды ұйымдастыруды күнде қадағалап тұрады. Мектеп білім алушыларының тамақтану мәзірі, тамақтану ұзақтығы дұрыс жолға қойылған.Асхананың толтырылуы тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатынан 30%-дан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.

Тексеру қорытындысы:  асхана қызметкерлерінің өндірістік процестерді жүргізу үшін технологиялық құралдары тугел,  асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы қанағаттанарлық.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив