23
қазан
2020
"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы #611 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 28.08.2020ж. енгізілген қосымша негізінде 10 тарауына сәйкес шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларында оқыту кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындау мақсатында сынып бөлмелері мен дәліздері дезинфекциялау құралдарымен толық қамтамасыз етілген.Мектептегі 22 "кезекші сыныптарда" сабақ режимі мен жұмыс жүйесі дұрыс жолға қойылған. Әр қабаттағы және оку бөлмелерінде санитариялық бекеттердің жұмысы ұйымдастырылып, медициналық қызметкер Ж.Тоқтағұлмен бақылау жүргізіледі. 23 қазан күні 1-4 бастауыш сыныптағы жетекшілер "Тазалық - денсаулык негізі", "Сақтық - саулықта", "Денің сау болсын десең...", "Денсаулық-зор байлық" тақырыбында сынып сағаттары жүргізілді және білім алушыларға санитарлық талаптардың орындалуы бойынша нұсқама жұмыстары қатаң бақылауға алынған.