Материалы за Ақпан 2022 года » Страница 4 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» Материалы за Ақпан 2022 года » Страница 4
"Мен талантты жанмын" тақырыбы аясында 5 сынып білім алушылар арасында ақпанның 18 күні сурет байқауы
18
ақпан
2022
"Мен талантты жанмын" тақырыбы аясында 5 сынып білім алушылар
№5 Ақарал ЖОББМГ Ақпан айы психологиялық кеңес беру айлығы өткізілуде. Жоспарға сәйкес "Мен талантты жанмын" тақырыбы аясында 5 сынып білім алушылар арасында ақпанның 18 күні сурет байқауы ұйымдастырылды. Білім алушылар байқауға белсенді қатысып, бейнелеу өнерінің дәстүрлі емес әдіс- тәсілдерінің түрлерін  пайдалана отырып өздерінің жұмыстарын ұсынды. Ұйымдастырушы көркем еңбек пәнінің мұғалімі Уалиева Айша.
«Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші
17
ақпан
2022
«Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!» атты Ауған соғысының ардагерлерімен
2022 жылдың 17 ақпан күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Е.Қазыбаевтың ұйымдастыруымен «Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Шараға Ауған соғысы ардагерлері Шолпанқұлов Ержан Диханалыұлы, Бусеев Оразбай Әуесханұлы  қатысып, тақырып аясында әскери патриоттық, туған жерге деген сүйіспеншілік, ерлік туралы әңгімелер қозғады. Шараның мақсаты: Бейбітшілік үшін күрескен ерлердің
“100” кітап жобасы аясында 3-сынып білім алушыларымен “Жүзден жүйрік” әдеби жәрмеңкесі
17
ақпан
2022
“100” кітап жобасы аясында 3-сынып білім алушыларымен “Жүзден жүйрік”
№5Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназия кітапханасында тәрбие жоспарына сәйкес “100” кітап жобасы аясында 3-сынып білім алушыларымен “Жүзден жүйрік” әдеби жәрмеңкесі өткізілді.Мақсаты білім алушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу,тілдерін және сөздік қорларын дамыту. Жауапты:А.Дәулет,Г.Маделиева
"Жас Ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен "Жас Ұланның-Жұлдызы" патриоттық ән байқауы
16
ақпан
2022
"Жас Ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен "Жас Ұланның-Жұлдызы" патриоттық
Аудандық "Жас Ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен "Жас Ұланның-Жұлдызы" патриоттық ән байқауында 9-13 жас ерекшелігі бойынша Эргашев Ислам және 14-17 жас ерекшелігі бойынша Абилмажин Ералы ерекше дауыс иесі танылып жүлделі І орынды иеленді. 
1-11 сыныптар аралығында "Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлі" тақырыптарында бірыңғай акциялар мен сынып сағаттары
16
ақпан
2022
1-11 сыныптар аралығында "Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлі"
16 ақпан күні №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында  адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік қасиеттерін ұғындыру,  отбасылық жанұяда берілетін тәрбиенің ерекшеліктерін насихаттау мақсатында 1-11 сыныптар аралығында "Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлі" тақырыптарында бірыңғай акциялар мен сынып сағаттары өткізілді.
"Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" тақырыбында сурет байкауы
15
ақпан
2022
"Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" тақырыбында сурет байкауы
№5 Ақарал ЖОББМГ 4"Б" сыныбында "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" тақырыбында сурет байкауы ұйымдастырылды.  Білім алушыларға дұрыс тамақтанудың ережелері және оның ұстану жолы түсіндірілді. Әр білім алушы тиімді тамақтанудың  пайдасын мен зиянды тағамдардың адам ағзасына тигізетін  зиянын сурет салу арқылы көрсете білді.  Сынып жетекшісі: Ж.Байгунусова 
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университетінің Су ресурстары және мелиорация кафедра меңгерушісі Жапаркулова Ермеккүль Дукеновнамен кездесу
14
ақпан
2022
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университетінің Су ресурстары және
Ақпан айының 14 күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының  9-11 сынып білім алушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында, Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университетінің Су ресурстары және мелиорация кафедра меңгерушісі Жапаркулова Ермеккүль Дукеновнамен кездесу өтті. Кездесу барысында Ермеккүль Дукеновна мектеп бітіретін 9 және 11 сынып түлектеріне колледждегі, университеттегі мамандықтар туралы презентациялар көрсетіп, оқушылармен түсіндіру жұмыстарын өткізді.  
"Мен өз отбасыммен бақыттымын"  тақырыбындағы эссе
14
ақпан
2022
"Мен өз отбасыммен бақыттымын" тақырыбындағы эссе
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында "Ақпан айы - психологиялық кеңес беру айлығы" өткізілуде жоспарға сәйкес 4 сынып білім алушылары "Мен өз отбасыммен бақыттымын"  тақырыбында Эссе жазды. Жауапты: сынып жетекшілер
"Менің болашақ мамандығым" тақырыбында тәрбие сағаты
12
ақпан
2022
"Менің болашақ мамандығым" тақырыбында тәрбие сағаты
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында 9"а" сынып  білім алушыларға мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту мақсатында "Менің болашақ мамандығым" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақта білім алушылар дайындап келген таныстырылымдары арқылы болашақ мамандықтары туралы баяндады және мамандықтың жетістіктері мен қиындықтары, мамандықтар саласы және оның маңызы туралы постерлер қорғап, өз ойларын ортаға салды. Сынып жетекшісі Г.Самбетова білім
2016 жылғы 2 ақпандағы №124 бұйрығын" басшылыққа ала отырып өткізген өзін-өзі бағалау қорытындысы
12
ақпан
2022
2016 жылғы 2 ақпандағы №124 бұйрығын" басшылыққа ала отырып өткізген
Ағымдағы жылдың 12 ақпан күні мектеп директоры Н.Койшиманова қамқоршылық кеңес алдында 2022 жылдың 14 қаңтар -11 ақпан аралығында мектепте "Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" "ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы №124 бұйрығын" басшылыққа ала отырып өткізген өзін-өзі бағалау қорытындысы бойынша есеп берді.