«Мұғалім мен оқушы арасындағы әдепті қарым-қатынас» коучингі өткізілді.
14.11.2025ж.№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында З.Дауренбекованың жетекшілігімен мұғалім мен оқушы арасындағы этикалық, сыпайы және сенімді қарым-қатынас қағидаларын қалыптастыру; эмпатия, тыңдай білу, әділдік сияқты кәсіби қасиеттерді дамыту; қиын жағдайларда әдептілік сақтаудың жолдарын көрсету мақсатында «Мұғалім мен оқушы арасындағы әдепті қарым-қатынас» коучингін өткізді.
Іс-шараның кіріспе бөлімінде «Әдеп» ұғымын талдап, коучинг ережесімен таныстырды. Теориялық бөлімінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас түрлері, әдептілік қағидалары туралы ой қозғалды.
Коучинг барысында жасөспірімдер мен ұстаздардың арасындағы өзара қарым - қатынас жасау мәселесі бойынша ұсыныстар берілді:
-баланың дұрыс емес жасаған іс - әрекетін түсіндіре білу;
-бос сөздермен айқайлай бермеу;
-ішкі жан дүниесіне үңіле білу;
-жылылық таныту;
-қамқор жанның бірі ұстазы екенін сезіндіру;
-келешектің кемелдену тікелей сол балаларға қатысты екенін білдіріп отыру қажеттілігі түсіндірілді.
Қатысушылар әр түрлі жағдаяттар: «Қиын оқушы», «Қателескен мұғалім», «Сенімсіздік» рөлдік ойын арқылы талдау жүргізді.
- «3 сөз – 1 қарым-қатынас» әдісі арқылы рефлексия жасалды.
- SWOT-талдау (өз қарым-қатынасын бағалау жүргізілді).