30
қазан
2024
"Педагогикалық қарым-қатынастың қажетті элементі педагогикалық этика мен такт" тақырыбында іс-шара
30.10.2024ж.№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында күзгі каникул кезінде ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес Г.Наушабаеваның жетекшілігімен педагогикалық әдеп кеңесінің мұғалім шеберлігінің бір бөлігі форматында
"Педагогикалық қарым-қатынастың қажетті элементі педагогикалық этика мен такт" тақырыбында іс-шара өткізілді.
Педагогикалық әдеп кеңес барысында жасөспірімдер мен ұстаздардың арасындағы өзара қарым - қатынас жасау мәселесі бойынша ұсыныстар берілді:
-баланың дұрыс емес жасаған іс - әрекетін түсіндіре білу;
-бос сөздермен айқайлай бермеу;
-ішкі жан дүниесіне үңіле білу;
-жылылық таныту;
-қамқор жанның бірі ұстазы екенін сезіндіру;
-келешектің кемелдену тікелей сол балаларға қатысты екенін білдіріп отыру қажеттілігі түсіндірілді.Сонымен қатар, жеке фотосуреттер мен бейнелерді көпшілік алдына жариялау кезінде этикалық нормаларды сақтау басты назарда болуы тиіс екені айтылды.Отырыс соңында педагогикалық әдепті негізгі қағидалары мен педагогтың сөйлеу мәдениеті, дауыс тембрі, екпіні жайлы ой талқы жүргізілді.