24
ақпан
2022
"Мұғалімнің кәсіби мәртебесі -шеберлік шыңы" тақырыбында семинар
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында педагогикалық әдеп кеңесінің жылдық жоспарына сәйкес "Мұғалімнің кәсіби мәртебесі -шеберлік шыңы" тақырыбында семинар өтті. Педагогикалық әдеп ережелерін әрбір педагогтің білуі және сақтауы - олардың кәсіби қызметі мен еңбек тәртібі сапасын бағалау өлшемшарттарының бірі болып табылады. Педагог өзінің кәсіби назарындағы объектілер болып табылатын білім алушылармен, олардың ата - аналарымен қарым - қатынас жасауда өзіндік сыйластық ортасының қалыптасуына ықпал етуі шарт. Осы бағыт бойынша семинар барысында мақсатты ой қозғалып, пікіралмасу жүргізілді. Жауапты: педагогикалық әдеп кеңесінің төрайымы Г. Наушабаева