20
желтоқсан
2021
Аудандық "Үздік сабақ жинағы" байқауының жеңімпазы
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі, жас маман Ж.Нұрмәділге тәлімгері Р. Молдобекова. Жас педагогқа кәсіби қалыптасуда көмек көрсету, сондай - ақ кәсіби біліктері мен дағдыларын дамыту мақсатында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес педагогикалық тәлімгерліктің міндеттері орындалуда. Атап айтқанда жас педагогтың тәжірибесін шыңдау мақсатында сабаққа, әдістемелік семинарларға, шеберлік сағаттарға, коучингер мен тренингтерге, байқауларға қатысуына үнемі қолдау жұмыстары көрсетіліп отырады. Нұрмәділ Жансая Талғатқызы аудандық "Үздік сабақ жинағы" байқауына қатысып II дәрежелі дипломымен марапатталды.