20
қазан
2021
"Білім беруді жаңарту жағдайында басшының басқарушылық әдебін жетілдіру: мәселелері, шешу жолдары, нәтижесі" тақырыбында семинар - практикум
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында мекеме басшылары үшін "Білім беруді жаңарту жағдайында басшының басқарушылық әдебін жетілдіру: мәселелері, шешу жолдары, нәтижесі" тақырыбында семинар - практикум өткізілді. Іс - шараның алғы сөзін Жамбыл облысы білім басқармасының Меркі ауданы білім бөлімінің басшысы Ә.Алтынбаева спикерлерлер мен қатысушыларға сәттілік тіледі. Мектеп директоры Н.Койшиманованың жетекшілігімен жүргізген семинар білім беру ұйымдары басшыларының нормативтік - құқықтық құзыреттілігін қалыптастыру және білім беру - құқықтық кеңістікте жұмыс істеуде кәсіби дағдыларын дамыта отырып басқару әдебін жетілдіруге бағытталды. Дискуссия алаңында қатысушылар алты топқа бөлініп, сұрақтарға жауап беріп, жағдаяттарды шешу жолдарын қарастырып, пікірталас жүргізді. Семинарға қатысушылар мектеп мәдениетінің бейнесі, ұйымның кескін келбетін анықтауға арналған сауалнаманы толтырып, тиісті жауабын жазды. Семинар барысында директордың ғылыми - әдістемелік орынбасары Р. Бабижанова мектептегі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысын ұйымдастырылуы туралы айтты. Семинар - практикум жұмысын қорытындысы шығарылғаннан кейін, марапаттау жүргізілді.