11
қараша
2020
"Сабақ үдерісінде тілдік дағдыларды дамытудың тиімді жолдары"
2020 жылдың 11 қараша күні N5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында бастауыш сынып əдістемелік бірлестік айлығы аясында мұғалімдердің кəсіби дамуын жетілдіру мақсатында "Сабақ үдерісінде тілдік дағдыларды дамытудың тиімді жолдары" тақырыбында əдістемелік бірлестік жетекшісі Ш.Ермаханбетова коучинг өткізді. Коучинг барысында қатысушылар топтарға бөлініп, оқушылардың сабақ барысындағы тыңдалым жəне айтылым дағдыларын дамытудың тиімді əдістерін қарастырып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Коучинг соңында "Дейін-кейін" əдісі арқылы кері байланыс алынды.