31
қазан
2019
"Шебер мұғалім-табысты сабақ" тақырыбында коучинг-сессия
2019 жылдың 31қазан күні. N5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында"Шебер мұғалім-табысты сабақ" тақырыбында коучинг-сессия өткізілді. Коучнгтің мақсаты: мұғалімдердің сабақ өткізу шеберлігін арттыру,сабақты талдау және мұғалімнің өзіндік талдауы туралы тусінуіне жағдай жасау. Коучингте ұстаздар 5 топқа бөлініп сабақтың басы, ортасы, соңы және үй тапсырмасын құрастырып, талдау жасады. Қатысушылар сабақтың ең маңызды құрамдас бөліктері мен ұғымдары ретінде оқу мақсаты,бағалау критерийлері мен әдістері, тапсырмалардың қолжетімділігі, кері байланыс беру нысандары, сұрақтардың сапасы, қалыптастырушы бағалау және рефлексия туралы терең мағлұмат алды. Коучингке 54 мұғалім қатысты.