05
қаңтар
2019
«Жаңа идеялар алаңы» атты бірлескен коучинг
5.01.2019 ж күні №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп гимназиясының деңгейлік курс бітірген мұғалімдері Э.Жаксыбаева, Г.Самбетова, Ш.Ермаханбетова жас мамандарға арналған «Жаңа идеялар алаңы» атты бірлескен коучинг өткізді. Коучинг мақсаты: жаңа әдіс – тәсілдерді ортаға салып, іс – тәжірибесімен бөлісу, талдау және рефлексия жасау болды. Коучинг барысында қатысушылармен сабақтың басында, ортасында және соңында қолданылатын тиімді әдістер талданды. Ш.Ермаханбетова кері байланыс пен рефлексияның айырмашылығын айта отырып, мұғалім мен оқушының субьект-обьектілік әрекет жолдары мен мақсатқа жетуді көздеген педагогикалық үдеріс болып табылатынын түсіндіріп өтті. Коучингте «Серпілген сауал», «Қабырғадағы стикер», «Неге? Неге? Неге?» әдістері көрсетіліп, қатысушылардан кері байланыс алынды.