06
наурыз
2019
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2019жылы 6 наурыз күні химия пәні мұғалімі Ж.Алайдарова «Химия негіздері» қолданбалы курсынан «Тағам құрамындағы қоректік заттар» тақырыбында 7 «а» сынып білім алушылармен ашық сабақ
Сабақты ұйымдастыру кезеңінде мұғалім білім алушыларды 3топқа «Көмірсулар», «Ақуыздар», «Майлар» деп бөліп, бұл қоректік заттардың барлығы тағам құрамында кездесетіндігін түсіндірді.Сабақтың ортасында Question Race,«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі,«Конверт ішіндегі тапсырма»(The inside of the envelope)«Кім алғыр» ойыны, Кейс стади әдісін (Case method ) PISА,ТIМSS тапсырмаларын сабақ барысында тиімді қолданып, білім алушылар «Ас мәзірін" өздері құрастырып, тағамның құрамындағы қоректік заттардың калориясын есептеді. «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» екендігіне көз жеткізді.Сабақтың әр кезеңінде топ басшылары білім алушыларды бағалап отырды.Мұғалім сабақты «Дәрумендер» атты бейнеролик арқылы қорытындылады.