09
қараша
2020
"Кейс əдісінің педагогикалық технология ретінде қолданылуы" тақырыбында коучинг
2020ж 9 қараша күні N5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында "Ақарал-прогресс" қоғамдастығының жетекшісі орыс тілі мұғалімі Г. Самбетова мен "Мектептегі мұғалім көшбасшылығы" білім беру бағдарламасы курсын оқыған бастауыш сынып мұғалімі Ш.Ермаханбетова "Кейс əдісінің педагогикалық технология ретінде қолданылуы" тақырыбында коучинг өткізді. Коучингте "Кейс" əдісі туралы теориялық мəлімет берілді. "Менің атым Қожа" фильмінен үзінді көрсетіліп, жағдаятты талдау ұсынылды. Коучингке қатысушылар мəселені топта талдап, шешу жолын ұсынды. Коучинг соңында "Бір қадам артқа" əдісі бойынша кері байланыс орнатылды.