21
қаңтар
2022
"Құқықтық сауаттылық - заман талабы" брейнринг
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында педагогикалық әдеп қызметі мәселелері аясында 2022 жылдың 21 - қаңтар күні "Құқықтық сауаттылық - заман талабы" брейнринг өткізіліп, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің сұрақтары талқыланды. Педагогтардың құқықтары, көпшілік ортадағы әдеп-этикалық нормалары мен негізгі принциптерін сақтауы туралы айтылды. Педагог өзінің еңбек тәртібін бұлжытпай орындауы, ұйым мүлкіне ұқыпты қарап, білім сапасын көтеру үшін пайдалануы, қызметтік ақпаратты жеке немесе пайдакүнемдікке жол бермеуі, қызметтік міндеттерін бұлжытпай орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісін ұстануы және академиялық принциптерін мүлтіксіз сақтау қажеттілігі туралы айтылды. Іс - шара соңында педагог өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіріп, өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдірумен белсенді түрде айналысу қажеттілігі қатаң ескертілді. Жауапты: директордың ғылыми - әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Р. Бабижанова