26
тамыз
2022
Педагогикалық әдеп кеңесінің І отырысы
26.08.2022ж.№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында Г.Наушабаеваның ұйымдастыруымен педагогикалық әдеп кеңесінің отырысы өткізілді. Кеңестің күн тәртібінде:
✓Педагогикалық әдеп кеңесінің ережелері мен міндеттерін қарау, жоспарын бекіту
✓ Педагогикалық этика мен ережелерін сақтау міндеті
✓Педагогтың өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі имиджі мәселелері қаралды.
Алқалық отырыс барысында Кеңес төрайымы Г.Наушабаева педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің ережесі мен міндеттерімен таныстырып, жұмыс жоспарын ұсынды. Сонымен қатар, "Педагогикалық әдеп пен шеберлік - негізгі қызметтер мен этикалық категориялар туралы" форсайт сессияны жүргізіп, педагог қызметкерлерге педагогикалық әдептің негізгі қағидаттарымен таныстырды.
Сонымен қатар, мектеп психологы Р.Молдобекова "Қазіргі заман мұғалімінің имиджі қандай болу керек?" компьютерлік таныстырылым арқылы имидж туралы анықтама беріп, кәсіби мамандығын жан - жақты меңгерген педагог қана жоғары бағаланып, әріптестері мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленетінін түсіндірді.Отырыстың кезекті бөлімінде педагог - психолог Ж.Черембаева "Білім алушылар мұғалімдер туралы не ойлайды?" бейне - сауалды көрсетіп, жауаптары талқыланып, сабақта әрбір баланың ерекшелігін құрметтеу, талап етуден гөрі көмектесу, үйретуден бұрын сүйіспеншілік көрсету қажеттілігін айтты.Соңында педагогикалық әдеп кеңесінің мүшелері әдептілік - ұлт психологиясының өзегі, адамгершіліктің бірегейі, барлық кісілік қасиеттердің жиынтығы екенін айтып, ал әдеп сақтау - әлеуметтік дәстүр екенін түсіндірді, сондықтан бала тәрбиелеу үрдісінде ең алдымен мұғалім әдепті, тәртіпті және мәдениетті болуы тиіс екенін тілге тиек етті.