«Жас маманның әдептілік мәдениетін қалыптастыру» фасилитациялық сессия ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың 29-шы тамыз күні «Жас жалын» кәсіби-тұлғалы жаса мамандар клубының жетекшісі А.Имангалиеваның жетекшілігімен мұғалімнің жас мамандардың педагогикалық әдеп нормаларын меңгеруіне жағдай жасау; кәсіби қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру; этикалық жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдау қабілетін дамыту мақсатында мектебімізде «Жас маманның әдептілік мәдениетін қалыптастыру» фасилитациялық сессия ұйымдастырылды.
Мұғалім мамандығы ерекше болғандықтан, ол әрдайым көпшіліктің алдында. «Әдеп» ұғымын талданып, теориялық бөлімінде педагогикалық әдеп кодексінің негізгі баптары, жас маманға қойылатын этикалық талаптар талқыланды. Іс-шара барысында жағдаяттық талдау «Қиын оқушы», «Әріптеспен келіспеушілік», «Ата-анамен диалог» рөлдік ойындар жүргізілді. Ал топтық жұмыста «Әдептілік ережелері» – жас мамандарға арналған кодекс жобасын жасау тапсырылды. Оқушылармен қарым-қатынас жасауда сөйлесе білу, дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру мұғалім біліктілігінің басты көрсеткіші. Сондықтан да кәсіби мамандығын жан жақты меңгерген педагог қана жоғары бағаланып, әріптестері мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленбек.
Коучинг соңында рефлексия жүргізіліп, «Мен қандай педагогпын?» – өзін-өзі бағалау парағы, SWOT-талдау жасалды.