23
қазан
2025
8-11 сынып білім алушыларымен "Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет" тақырыбында дәріс
23.10.2025 ж күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия сында жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында 8-11 сынып білім алушыларымен "Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет" тақырыбында дәріс өткізілді. Іс-шара барысында қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелестің, әлімжеттік көрсетумен бопсалаудың алдын алу, сонымен қатар құқық бұзушылыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу бағыттарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге кешкі мезгілде сағ 22-00ден кейін ата-анасыз жүруге,топқа бірігіп ойын-сауық ұйымдастыруға тыйым салынатындығы туралы қатаң ескертілді.