24
қазан
2025
1 тоқсан қорытындысы бойынша оқу, өнер, спорт және қоғамдық белсенділік бағытында ерекше жетістікке жеткен оқушыларды марапаттау
2025 жылы 24 қазанда N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында 1 тоқсан қорытындысы бойынша оқу, өнер, спорт және қоғамдық белсенділік бағытында ерекше жетістікке жеткен оқушыларды марапаттау, оларды ынталандыру және үлгі ету мақсатында жиын ұйымдастырылды. Іс-шара оқушылардың бойында жауапкершілік пен табандылыққа деген құлшынысын арттырып, оқу мен тәртіпке деген оң көзқарасты қалыптастыруға бағытталды.
Сонымен қатар, білім алушыларға күзгі каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, демалыс уақытын тиімді өткізіп, жауапкершілік пен тәртіпті сақтау қажеттілігі ескертілді.