13
маусым
2024
"Спорт - денсаулық кепілі" тақырыбында спорт күні
N5 Ақарал ЖОББМГ мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы лагерінің жоспарына сәйкес "Спорт - денсаулық кепілі" тақырыбында спорт күні аталып өтті. Спорт күніне орай топтар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды денсаулықты сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға, спортты жақсы көруге баулу. Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, әрі шыдамды болады. Денсаулық адамдың ең қымбат дүниесі. Жеңіске жеткен топтар жүлделі орындармен марапатталды. Жауапты: Б. Айдабосынов, Н. Ермуханов