08
қаңтар
2024
8"Ә" сыныбында "Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі " тақырыбында тәрбие сағаты
N5 Ақарал ЖОББМГ 8"Ә" сыныбында "Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі " тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер бере отырып денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу. Сабақ барысында білім алушылар адам ағзасына қажетті тағамдармен яғни дәрумендерге бай заттармен қоректену керектігін түсінді. Денсаулықты күту қағидалары мен ережелерімен танысып, дұрыс тамақтану тәртібін құрастырды. Пайдалы және зиянды тағамдарды атап өз ойларымен бөлісті.
Сынып жетекші: Г. Төлеген