06
қазан
2023
3а сыныбында "Дұрыс тамақтану - денсаулықтың кепілі" тақырыбында тәрбие сағаты
06.10.2023 жылы №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 3а сыныбында "Дұрыс тамақтану - денсаулықтың кепілі" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларды тамақтану мәдениетімен таныстыру, денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы білімдерін кеңейту. Адам ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін түсіндіру. Сабақ барысында оқушылар тамақтану мәдениетімен танысып, адам ағзасына пайдалы және зиянды тағамдарды атап, өз пікірлерін ортаға салды. Сынып жетекшісі: Ш. Ермаханбетова