Электронды журналды пайдаланудың тиімді жолдары » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Электронды журналды пайдаланудың тиімді жолдары
27
қараша
2018

Электронды журналды пайдаланудың тиімді жолдары


Ата-ана - мұғалім - оқушы. Енді үш жақты байланыс "Күнделік" жобасы арқылы нығая түспек. Ол үшін биылдан бастап, ауданның 38 мектебіне электронды жүйе енгізілді. Әзірге пилоттық жоба ретінде ғана. Мектепке автоматтандырылған ақпараттық білім беру жүйесі қондырылады. Кез-келген ата ана ғаламтор арқылы сол жүйеге кіріп, баласының үлгерімін қадағалайды. Бұл қашықтықтан білім беру мүмкіндігін арттырып, мұғалімдерді қағазбастылықтан құтқарады. Кесте жазылып, қызыл сиямен баға қойылатын қағаз күнделіктердің орын компьютерлік жүйе басады. Ғаламторға мүмкіндігі болса кез-келген ата-ана қалаған уақытта ақпараттық жүйеге кіріп, баласының бағасын  көреді. Осындай мүмкіндік беретін ақпараттық база биыл Ауданымыздағы  38 мектепке енгізілді. 

  

Барлық мектеп жүйеге пароль мен логин арқылы кіреді. Оқу жылына бір рет сабақ кестесі бекітіледі. Ол автоматты түрде барлық тоқсанға қойылады. Мұғалім сабақ кестесіне сәйкес, электронды журналға баға қояды. Баға автоматты түрде оқушының күнделігіне түседі. Автоматты түрде есеп шығарылып, білім басқармасы мен министрлікке жолданып тұрады. Демек, министрлік те мектептің деңгейі мен оқушылардың білім сапасын бақылай алады. 

Жүйеде үйге берілген тапсырма да көрініп тұрады. Апта сайын баланың мектепте болған уақыты, тәрітібі  мен үлегірімі рейтингтік көрсеткіш бойынша бағаланады. Мұғалімдер бұрыңғыдай журнал толтырып, артық уақытын жоғалтпайтын болды. 

  

Увалиева Дина - өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы 

Ата-ана мен мұғалім қарым-қатынас жұмыстарының жедел түрде жүруіне септігін тигізеді. скл Эксперимент жүзеге аспаса енгізбейді. Бірақ барлығына солай талап қойылса, барлық мұғалімдер жұмыстанады деп ойлаймын. 

Жаңа реформаға қатысты пікір екіге бөлінді. Ғаламторды пайдаланатындар құптап отыр. Ал, шалғайдағылар үшін бұл түсініксіз әдіс.  

  

Үйсінбаева Бақыт - ата-ана 

Үйге берген тапсырманы да енгізеді екен. Ең бірінші мектепке барған бала ұмытып та қалып жатады. Скл Тексере аласың, жіберген балаң сабаққа қатысты ма, қатыспады ма? Оның бәрін бақылап отыра аламын. 

Исакулова Фатима - ата-ана 

Заманға сай аяқ басу керек қой, бірақ менің жасым 60-қа келіп қалды. Біздерге интернетке шығу қиындау. Мен интернетке кіре алмаймын. Сосын балалардың бағаларын қайдан көріп отырамын. Егер электронды түрде шыға алмасам. Маған енді бұрынғы дневникпен бағаларын қойса, мен үйге келіп, бағаларын көре алар едім. 

«Күнделік» электронды жүйесі жаңа оқу жылында облыстағы 3 тілде сабақ білім беретін мектептерге және  аудандарда орналасқан білім ошақтарына орнатылады. Қазір ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Дегенмен ауылда тұратындар үшін бұл жүйе оңай болмайтынын, білім саласының мамандары да жоққа шығармай отыр. 

  

Мектепбойынша  жаңа жүйемен  жұмыс істейді. Онда 53 мұғалім мен 523 оқушы және 365ата-ана тіркеулі. Қазір оның мобильді нұсқасы да әзірленген. 

  


 

 


 





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив