МЕКТЕПТЕ ЖУРГІЗІЛЕТІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР МЕН ТРЕНИНГТЕР » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » » МЕКТЕПТЕ ЖУРГІЗІЛЕТІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР МЕН ТРЕНИНГТЕР
24
сәуір
2017

МЕКТЕПТЕ ЖУРГІЗІЛЕТІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР МЕН ТРЕНИНГТЕР

<!-- [if !mso]> v\:* {behavior:url(#default#VML);} o\:* {behavior:url(#default#VML);} w\:* {behavior:url(#default#VML);} .shape {behavior:url(#default#VML);}

Кіріспе

     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес: «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке және шығармашылық қабілеттерін ашып, оны дамытуына көмектесу және психологиялық  жеке ерекшеліктеріне қарай әсер ету» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Сонымен қатар, әр бір мектепте баланың психологиялық жан – жақты даму ерекшеліктерін, әр баламен жеке жас ерекшеліктеріне қарай қалай жұмыс істеу керек екендігі жөнінде кеңес бере алатын, мектептің оқу – тәрбиесі үрдісінде ыңғайлы психологиялық ахуал тудыра алатын психологиялық білімі жоғары педагог – психологтың болуы керек екенін заман өзіде дәлелдеп отыр.

     Қазіргі таңдағы мектептердің негізгі міндеттерінің бірі – мектептегі психологиялық қызметті дұрыс ұйымдастырып, жұмысты жүйелікпен жүргізу болып табылады.

      №5 Ақарал орта мектебінің психологиялық  қызметінің басты мақсаты мен міндеті – тиімді әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, оқушыларға психологиялық тұрғыдан ықпал ету, жеке тұлға қызығушылығын арттыру және оның дамуындағы әр түрлі қиыншылықтарды түзету. Оқушылардың қызығушылығы мен танымдық әрекеттерін және бейімділігін, олардың бойындағы жағымсыз қылықтарын анықтап, оны болдырмау.

    

 

 

 

          I    ТАРАУ ПСИХОЛОГ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГ ЖҰМЫСЫ__       ___

Пятно 1: Психолог – Дос Психолог өзіңді кім деп сезінесін?








Пятно 1: Психолог – Қорғаушы

 

 

 

 

 

 


                    

 

 

 

 

 









Пятно 1: Психолог – сараптаушы

Пятно 1: Психолог – табыстырғыш


Пятно 1: Психолог - құтқарушы


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Мектеп психологының жұмыс істеу ережесі

1. Белгілі бір аймаққа тән мамандық кәсіби граммасын білу.

2. Кәсіби кеңес кезінде міндетті түрде мамандыққа қажетті көрсетулер және кері көрсетулер, сонымен қатар осы процедураны орындау үшін болжаудың әр түрлі әдістері болуы керек.

3. Кәсіби кеңес кезінде өзін – өзі бағалауды дамыту және жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін көрсету, өзін – өзі объективті анықтауға көмек көрсету.

4. Барлық ұстанымдарды нақты әрі әдепті түрде беру, кеңесті сенімді жағдайға өткізу. Қоғам талаптарын ескере отырып, жеке тұлғаның күнін нақты іске бағыттау керек.

5. Психолог  әрбір оқушының қабілеті мен мінез ерекшеліктері бар жеке тұлға екенін көз жеткізе отырып, оқушының потенциялды мүмкіндіктерін жүзкге асыра алатындықтарына сенімді болу керек.

6. Психолог жауаптарын жүйелеп қорытындылай келе, нақты сұрақтар қоя алады, осының нәтижесінде кеңестер береді.

7. Психолог жеке тұлғаны кешенді зерттеу негізінде (өмірбаяны, басынан өткен оқиғалар, анкета сұрақтарына жауабы, бақылау көрсетулері, дәрігерлік диагностика қорытындылары) қорытынды жасайды.

8. Жеке тұлға кеңес бергенде соңғы мәліметтеріне баса назар аудару қажет.

9. Кеңесші өзіне қажетті тәжірбиелерді жан – жақты зерттеу керек, оқушының кемшіліктерін, мінезінің жайсыз жақтарын түсіндіріп, оларды түзету жолдарын көрсету қажет.

10. Оқушының интелектуалды және эмоциональды ортасын ықпал жасап, әрдайым оның психологиялық жағдайын ескеру қажет. Оның мақсаты – әңгімелеушіні түсіне отырып, өзара түсінікті болу.

 

 

Психологиялық ант

            Психологиялық қызметімді бастай отырып, мен өзімнің барлық білімім мен қабілетімді осы күрделі қызметке жұмсаймын деп ант берем. Менің қолымда, менен көмек сұрайтын кісінің тағдыры және оның жан – дүниесі тұр. Жеке адам ретінде табиғат сыйлаған барлық білімім мен білігімді мен алдыма келген кісіге көмек беруге жұмсаймын.

           Мен кісі жайында білген және жинақтаған мәліметтерім, оған қарсы жұмсалатын құралға айналуға жол бермеймін. Психолог мамандығымды игере отырып, маған сенім білдірген кісілердің, тек қана көңілінен шығуға тырысамын.

                                     

Психологтың әдептік ұстанымы

1. Кәсіби білікті психолог маманы білім беру саласында өзінің бала алдындағы жауапкершілігін түсінуі, яғни жауапкершілікпен қарауы.

2. Бала мүддесі үшін қарама – қайшы пікірлермен санаспай, тек бала тағдырына байланысты маман ретінде өз шешімін айтуы.

3. Психолог өзі жеке автономды маман ретінде негізгі жұмыс принциптеріне сүйене отырып, шешім шығара алады.

Оны оқу – тәрбие басшысы қарсылық білдіріп, тастай алмайды.

4. Шешімді құптау немесе жою үшін арнайы коммисия құрылады, олардың қатары арнайы жоғары мамандандырылған кадрлардан болуы тиіс.

5. Психолог мамандар құрамы әкімшілікпен бірге шешіледі.

6.Психолог балалармен жұмыс жүргізуде өте сезімтал, адалдық принциптерін пайдаланып жұмыс жүргізу қажет.

7. Психолог жұмысындағы негізгі бағыт білім беру жұмысында баланың еркін, жан – жақты дамуын ізгілік жолмен қорғап отыруы.

8. Баланың құқығын қорғауы тиіс.

9. Қоғам алдында бала құқығын қорғайтын ең бірінші адам ретінде танылуы тиіс.

10. Психолог диагноз қоюда әрбір балаға аса үлкен жауапкершілікпен қарап, моральдық үлгілерге сүйенуі қажет.

11. Психолог баланың жеке меншік құқығына, дербес правосына және тек балаға жақсылық әкелетін жұмыстармен шұғылданады, егер ол бір рет кесірін тигізсе, жамандығынан босатылуы тиіс.

12. Егер баланың айналасындағы қызмет істейтін адамдар бала дамуын жағымсыз әсерін байқаса, бірден жоғарыға хабар беруі қажет.

13. Психолог бала құқығына қайшы келетін экономикалық, әлеуметтік және басқа да қайшылықтарға жол бермеуі қажет.

14. Психолог баланың жан – жақты дамуын ғана көздеп, пайдалы жұмыстар жүргізуі қажет.

15. Психолог әдістерді пайдалануда апробациялаудан өткен, ғылыми стандарттан өткен, балаға зиян келтірмейтін әдістерді түзету, ескерту жұмыстарында жүргізеді.

16. Шешілген мәселе туралы оған қатысы жоқ адамдарды жариялауға құқысы жоқ.

17. Психолог баланың кәсібі білімі жетіспейтін адамға алдын – ала ескерту жасап, зиян келтірмейтіндей етіп сақтайды.

18. Жеткіншектер мен жасөспірімдер психологтан жеке консультация алуға келгенде, консультация беруге кейде ата – аналар мен жеткіншектердің бірігуімен көмек беруге құқылы.

19. Психолог психологиялық анықтау жұмысының қорытындысын тек бала өз келісімін бергенде ғана жариялауға құқылы.

 

Психологиялық қызметті жүргізуші психолог – мамандардың құқықтары.

1. Мектептің ерекшелігіне байланысты жұмыстың тиімді бағыттарын анықтауға құқылы.

2. Оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың нақтылы міндеттерін белгілеп, жұмыстың әдістері мен түрлерін таңдауға құқылы.

3. Психологиялық қызметтің ережелеріне қайшы келген жағдайда әкімшіліктің бұйрығына бас тартуға құқылы.

4. Оқушылардың тағдырын шешуге баланысты құрылған коммисиялар мен түрлі ұйымдардың жұмыстарына кеңесші дауыспен қатысуға құқылы.

5. Мектептегі қажетті құжаттармен танысуға, дәрігерлік мекемелерге тапсырыстар беруге құқылы.

6. Зерттеулермен тәжірбиелер жүргізуге, психологиялық диагностика мен түзету жұмыстарының жаңа әдістерін өз тәжірбиесінде қолдануға, олардың тиімділіктерін анықтауға құқылы.

7. Мектеп әкімшілігімен келісу арқылы жоғары органдардың алдына оқушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған сұраныстармен шығуға құқылы.

8. Мектеп оқушыларының кәсіби мүмкіндігін анықтау мақсатында кәсіптік бағдар беру орталықтарымен байланысты жасауға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТ ЖИНАУ ӘДІСТЕРІ

 

КЕРН-ЙИРАСЕКТІҢ «МЕКТЕПКЕ ҚАЛЫПТАСУЫН БАҒДАРЛАУШЫ» ТЕСТІ

 

Тестті балаларды алғашқы мектепке қабылдау кезінде қолданған тиімді. Біріншіден, оны жүргізуге көп уақыт кетпейді, екіншіден, жеке балаға да, топқа да қолдануға болады, сондай-ақ арнайы нормативті құжатты, құрал-жабдықты қажет етпейді.

Тест үш графикалық және бір ауызша тапсырмадан тұрады.

Бірінші тапсырма – ер адамның сыртқы пішінін салу, екіншісі - әріптердің жазба түрін көшіріп жазу, үшіншісі – нүктелер тобын көшіріп жазу. Әр тапсырманың нәтижесі бес ұпайлық жүйемен бағаланады (1-жоғары, 5-төменгі ұпай). Содан кейін үш тапсырма бойынша жиынтық баға шығарылады: 3-6 ұпайға дейін ортадан жоғары, 7-11-ге дейін орта, 12-15 ұпай нормадан төмен. 12-15 ұпай алған балаларды тереңірек зерттеу қажет. Өйткені, олардың ақыл-ойының дамуы төмен болуы мүмкін.

Тестті қолдану тәртібі

Балаға немесе топқа ақ қағаз беріледі. Оның бірінші бетіне бала жөнінде мәлімет жазылады. Қалған ашық жеріне ер адамның сыртқы пішіні суреттеледі. Ал екінші бетінің жоғарғы сол жағында әріптердің жазба үлгілері, ал осы беттің төменгі сол жағында нүктелер жиынтығы беріледі. Беттің оң жақ бөлігі бала жұмыс жасау үшін ашық қалдырылады. Баланың оңақай немесе солақай екендігін ескерген жөн.

№1 тапсырма

«Қандай да бір ер адамның суретін сала алғаныңша сал» деп жазылған қағазды әр балаға көрсетеді. Бұдан басқа түсініктеме, көмек, түзету жұмыстары болмайды. Егер, балалардың барлығы қалай салу жөнінде сұрап жатса, онда психолог «Шамаң келгенше суретін сал» деген жауаптан таңбау керек. Егер бала бірден сурет салуға кірісіп кетсе, онда балаға жақындап: «Сен суретті әдемі салып жатырсың, сала ғой», - деп, мадақтап қою керек.

Кейде балалар: «Еркектің орнына әйелдің суретін салуға бола ма?» - деп сұрай бастайды. Мұндай жағдайда барлығының да ер адамның суретін салып жатқанын, сондықтан ол сол суретті сала бастаса, оны жалғастыруын қадағалау қажет. Одан кейін жанына ер адамның суретін салуды өтінген жөн. Суреттерді салып болған соң, қағаздарының екінші бетін аударту керек.

 

№2 тапсырма

Әріптердің жазба түрін көшіріп жазып беруді ұсыныңыз. Бақылаушы: «Қарашы, мына жерде жазулар жазылған. Сен әлі жазып үйренбегенсің, бірақ мына жазуларды жақсылап қарап алып, көшіріп жазып көрші» - деп ұсыныс білдіреді. Ең алдымен балаға жазып көрсетеміз. Тапсырманы орындау кезінде олардың әрекеттеріне бақылау жасай отырып, әрқайсысының ерекшеліктерін бақылаушы өзіне жазып алып отырғаны жөн. Сонымен қатар, оның қозғалысы қалай? Тапсырманы орындағанда бір орында отырады ма, әлде айналып, қозғалып отырады ма? Қарындашын жиі түсіріп алып, іздеп отырады ма? Үлгідегі сөйлемді қажетті жерге жазып отыр ма, әлде қалаған сызықтарын жүргізіп отыр ма? Осындай қимыл-әрекетіне көңіл бөліп, қажет жағдайларын түртіп алып отыру қажет.

№3 тапсырма

«Мына нүктелерге қараңдаршы. Қазір осы нүктелердің жанына осындай нүктелер салып көресіңдер».  Баланың іс-әрекеттеріне бақылау жасап отырамыз.

 

        №1 тапсырманың (ер адамның сырт пішінін салу) қорытындысы

1 ұпай мынадай жағдайда қойылады: Салынған суретте адамның басы, денесі мен аяқтары көрсетілуі тиіс. Басы мен денесі үлкен болмауы керек. Адамның басында шашы, құлақтары, бетінде - көздері, мұрны, ауызы болады. Қолдары бес саусақтарымен бірге анық көрсетіледі. Аяқтары төменге созылған. Киімі – ер адамдікі. Балаға қарындашты көтермей, суретті үзбей салу үлгісін көрсеткен жөн. Бұл синтетикалық әдіс деп аталады.

2 ұпай мынадай жағдайда қойылады: 1 ұпайдағы талаптар сияқты, тек синтетикалық әдіс қолданылмаған. Үш деталь болмай қалуы мүмкін. Мәселен, көзі, саусақтары, шашы.

3 ұпайлық жағдайда фигураның басы, денесі, аяғы бар. Қолдары немесе аяқтары екі қатар сызықпен жүргізілген. Мойны, шашы, құлағы, киімі, саусақтары салынбаса да болады.

4 ұпайлық жағдайда суретте басы мен денесі ғана бар. Аяқтары бір ғана сызықпен берілген.

5 ұпайлық жағдайда денесі мен аяқтарын анық көрсетпеген. Мынадай графикалық сызықтарға көңіл бөлу керек: көздері, қарашығы, кірпіктері, қастары, мұрны, ауызы, иегі, қолдары, саусақтары, аяқтары.

а) дене сызбасындағы детальдар саны. Суреттегі басы, шашы, құлақтары.

б) денеге киім суретін сала отырып бояуы: бас киім, бант, галстук, белдік, түйме, түрлі әшекейлер және т.б.

   Егер баланың жасы 5 жастан жоғары болса, суретте кейбір бөлшектерді (детали) қалдырып кетуі мүмкін. Бұл баланың қарым-қатынаста қиындық туғызатын жағдайларын көрсетеді. Суреттің бөлшектерін толық салған сайын баланың психикалық даму деңгейі жоғары болып есептеледі. Баланың жасы өскен сайын салған суреттеріндегі бөлшектері толық көрсетіле түседі. Егер 6 жастағы бала адам денесінің бір бөлшегін ұмытып кетсе, оған көңіл аудару қажет. Дегенмен, бір диагностикамен ғана шектелуге болмайды. Қосымша тексерулерден өткізу керек (1-сурет).

                       1-сурет

 

№2 тапсырма

1 ұпай мынадай жағдайда қойылады: үлгідегі сөйлемді  көшіріп жазғанын оқуға болады, әріптері үлгідегі әріптерден аса үлкен емес. Сөйлем бас әріппен басталып, 3 сөз бір-бірімен байланысып, «і» және «й» әріптерінің үсті түртіліп,  көшірілген сөйлем көлденеңінен көрсетілген сызықтан 30°-тан артық ауытқымауы керек.

2 ұпай мынадай жағдайда қойылады: үлгідегі сөйлемді көшіріп жазғанын оқуға болады, әріптердің көлемі мен көлденеңінен көрсетілген сызықтан ауытқуы, ауытқымауы есептелінбейді.

3 ұпайлық сөздердегі әріптерді бөліп жазса да кем дегенде төрт әріпті талдауға болады.

4 ұпайлық үлгідегі сөзге кем дегенде екі әрпі ғана ұқсайды.

5 ұпайлық түсініксіз сызулар (2-сурет).

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив